Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау
Сабақ мақсаттары: • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау;
• өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау;
• өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар әр түрлі экологиялық мәселелердің суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ суреттегі мәселеніатау арқылы 5- сыныптағы 5.6.3.1 ҚР экологиялық мәселелерін атау, 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Оқушылар өз аймағының экологиялық мәселелерін топтастырады.

Дескрипторлар
Оқушы
Суреттегі экологиялық мәселелерді сипаттайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.

5. Топтық жұмыс.
Топырақтың тұздылығының өсімдік өсуіне әсерін зерттеу үшін тәжірибе жасау ұсынылады. Эксперимент тұзды және ауыз сумен ылғалданған мақта жастықшаларда өсірілген үрмебұршақ тұқымдарын зерттейді. Тұқымдардың өсуіндегі өзгерістерді сипаттап жазады. Нәтижелерімен бөліседі. Қорытынды жасайды.
Тұзды су

Ауызсу
Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
Дескрипторлар
Оқушы
Тұзды суда өскен тұқымдардың ерекшеліктерін сипаттайды;
Ауызсуда өскен тұқымдардың ерекшеліктерін анықтайды.

6. Cабақты бекіту. «Алып қадамдар» жаттығуын орындау.
Ол үшін:
1. Оқушылар бір сызықпен қатарға тұрады.
2. Мұғалім тұжырымдарды оқиды.
3. Оқушылар тұжырымдамалармен келісетін болса бір қадам алға жылжиды. Егер тұжырымдармен келіспесе артқа бір қадам жасайды. Егер сенімсіз болса, орынынан қозғалмайды.
4. Оқушылар әр жасаған қадамына түсініктеме береді........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өз өңіріңнің экологиялық мәселелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]