Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Қоректік тізбекте энергия мен заттардың ауысуын талдау;
• Экологиялық пирамидада әрбір деңгейдегі қарым қатынасты орнату

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар өсімдік, шөпқоректі жануар, жыртқыш жануар 1, жыртқыш жануар 2 суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ «Бұл ағзалар өзара қалай байланысады?» сұрағына жауап береді, қоректік тізбек құрастырады. 5- сыныптағы 5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.
Оқушылар «Экожүйедегі қоректік тізбектер туралы білудің маңызы неде?» сұрағын талқылайды.

Дескрипторлар
Оқушы
Қоректік тізбектегі ағзалардың орынын анықтайды.
3. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
4. Топтық жұмыс.
1- топ. Суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі энергияның ағысының сызбанұсқасын құрастыр.

2- топ. Суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі қоректік тізбектің сызбанұсқасын құрастыр.

3- топ. Суретте берілген ағзалардың көмегімен бірлестіктегі заттардың ағысының сызбанұсқасын құрастыр.
Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
Дескрипторлар
Оқушы
Қоректік тізбектегі ағзалардың байланысын көрсетеді;
Қоректік тізбектегі энергияның берілу заңдылықтарын сипаттайды;
Қоректік тізбектегі заттардың ауысуын көрсетеді.

5. Мәтін «Энергия қоректік тізбек арқылы қалай өтеді?»
Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді.

6. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Қоректік тізбекте қанша трофикалық деңгей бар? Әдеттегі қоректік тізбектерде үштен беске дейін трофикалық деңгей болады. Бестен көп трофикалық деңгейі болатын қоректік тізбектер сирек кездеседі, себебі қосымша трофикалық деңгейде ағзалар популяциясын сақтау үшін қолжетімді энергия өте аз болады.

7. Сабақты бекіту.
Қоректік тізбектегі ағзалардың арасындағы байланысты көрсететін экологиялық пирамида құрастыр.
Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.
Дескрипторлар
Оқушы
Продуценттердің орынын анықтайды;
Консументтердің орнын көрсетеді........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйедегі энергия тасымаланың тиімділігі. Энергия ағыны және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида түрлері. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 2- сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]