Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• экологиялық мәселелердің себептерін анықтау;
• экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талдау.

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар экологиялық мәселелерді шешу жоспарын құрастыру үшін, бір экологиялық мәселе жазылған пазлды жинау арқылы топтарға бірігеді. 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу және 6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.
Дескрипторлар
Оқушы
Экологиялық мәселе себебін анықтайды.
2. Мақсатты тұжырымдау.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.
3. Топтық жұмыс.
Әр топ мәселеге қатысты құрылымдық сұрақтар топтамасын және әуе шарының бейнесін алады.
- Кімнің әуе шарында болуы қажет? Оқушылар басқа жерге баратын, әуешарының бортында болуға тиісті адамдардың аттарын жазады, яғни, мәселені шешетіндерді.
- Бұл жоба нәтижелі болу үшін не қажет? Мәселенің нәтижелі шешімі болуы үшін, оқушылар ойы бойынша не қажет екенін әуе шарына жазады.
- Қайсысы тежеуші фактор болады? Зәкір қатарына оқушылар мәселені шешуді бастауды тежейтін факторларды жазады.
- Шардың жоғарғы жылдамдықта ұшуын не мәжбүр етті? Оқушылар шарға өз ойлары бойынша, жоба сәтті болып шешілуіне қажетті барлық элементтерді жазады. Мысалы, жұмысқа қабілеттілік, қызығушылық, шығармашылық әрекет.
- Шарды ұшу бағытынан не тайдырады? Оқушылар шардың екі жағынан жоба барысында пайда болуы мүмкін мәселелерді жазады.
«Галереяға саяхат» әдісі бойынша сыныпта еркін қозғала отырып, барлық жұмыстарды қарап шығады. Стикерлерге өздерінің ұсыныстарын, ескертулерін, түзетулерін, толықтыруларын жазып қалдырады.
Дескрипторлар
Оқушы
- Экологиялық мәселені шешетін адамдарды атайды;
- Нәтижелі шешімі болуы үшін, не қажет екенін анықтайды;
-Мәселені шешуді тежейтін факторларды көрсетеді;
- Мәселені шешілудің жолдарын ұсынады;
-Экологиялық мәселені шешу барысында пайда болуы мүмкін мәселелерді көрсетеді.

Мұғалім кері байланыс береді.

4. Сабақты бекіту
Экологиялық мәселе Себебі Шешу жолдары........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның экологиялық мәселелері (10 сынып, II тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ 6 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Экологиялық мәселелерді шешу жолдары 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]