Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін білу. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін білу. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму.
Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігі
Сабақ мақсаты: Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін білу.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу. Сыныпты жануарлар мен өсімдіктердің суреттері бойынша 4 топқа бөлу. Сабақ басында жағымды орта қалыптастыру. Оқушылардың зейінін шоғырландыру:
- Жаңа сабақта жаңа білім алуға дайынсыңдар ма?

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

ІІ. Сабақ мақсатымен және бағалау критерийлермен таныстыру.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру
«Ой қозғау»
1. Оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлерін білесіздер?
2. Жер шарында алғашқы ағзалар қайда және қашан пайда болды деп ойлайсыздар?
(Осындай сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына шығуға болады. Сонымен қатар, оқушылар жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін атау арқылы «биоалуантүрлілік» терминінің ұғымын түсінеді).

Бейнеролик «Ағзалардың алуантүрлілігі»

Бейнеролик негізгі идеясы қандай?
«Биоалуантүрлілік» қалай түсінесіздер?

Мұғалімнің түсіндірме бөлігі:
Оқушыларға алғашқы ағзалардың қашан және қайда болғанын айту, терминдерді түсіндіру.
Биогеография – өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың, сондай-ақ олардың бірлестіктері – биоценоаздардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді.
Ағзалардың алуантүрлілігі – біздің ғаламшарымыздағы тірі ағзалардың түрлері (жануарлар, өсімдіктер, экожүйелер) және олардың жіктелуі. Алғаш бұл терминді Г.Бейтс 1892 жылы енгізді.
Флора – өсімдіктер әлемі
Фауна – жануарлар әлемі
22 мамыр – Дүниежүзілік биологиялық алуантүрліліктің күні. 1992 жылдан бері аталып келеді. Басты міндеті: қоғамның зейінін ғаламшарымыздағы жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерге аудару.
Халықаралық ұйымдар:
Дүниежүзілік жануарларды қорғау ұйымы;


Тапсырма № 1 (Жеке жұмыс)
Оқушылар суреттер бойынша жануарлар мен өсімідіктерді дәптерлеріне жазбаша жіктейді:
Мәселен келесі суреттерді беруге болады:

Бағалау критерийлері: Дескрипторлар
Оқушы:
«Биологиялық алуантүрлілік» ұғымын біледі
Жануарлар мен өсімдіктерді топтарға қарай жіктей алады Өсімдіктер дүниесінің топтарын анықтайды.
Жануарлар дүниесінің топтарын анықтайды.

Тапсырма №2 (Топтық жұмыс)
Картаның көмегімен дүниежүзіндегі ағзалардың алуантүрлілігін анықтау

1 топ: Оңтүстік Американың жануарлары мен өсімдіктері
2 топ: Еуразияның жануарлары мен өсімдіктері
3 топ: Аустралияның жануарлары мен өсімдіктері
4 топ: Африканың жануарлары мен өсімдіктері
Қажетті ресурстар: жануарлар мен өсімдіктер картасы, плакат, түрлі-түсті маркерлер, әр материктің жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері. Жұмыс нәтижесін сыныпқа таныстыру. Топтарға өзара бағалау жүргізу. Бағалау критерийлерін оқушылардың өздеріне әзірлетуге болады немесе келесі критерийлерді ұсынуға болады:........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін білу. 5 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Тірі ағзалардың биоалуантүрлілігін білу.

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]