Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау
Сабақ мақсаты: • біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға жағымды атмосфера қалыптастыру. Салеметсіздерме! Бүгін өзіңізді қалай сезінесіз? Жаңа тақырыпты меңгеруге дайынсыз ба?
Мотивация. Бүгін бізде ерекше сабақ. Оның тақырыбы “Ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар.”.
Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін анықтау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Starter.
Бір жасушаны тірі деп атауға бола ма?
(оқушылардың жауаптары мен мұғалімнің түсіндіруі)

Жаңа тақырыпты түсіндіру
(С) Сіздердің алдарында екі ағзаның суреті. Оларға қарап, айырмашылығын анықтаңыз?
Интеррактивті тақтада біржасушалы және көпжасушалы ағзаның суреттері көрсетіледі.
Оқушылар олардың айырмашылығын атайды.
(Ж) Оқушылар жұпта мұғалімнің көмегімен карточкаларды құрастырады. Біреуінде біржасушалы мен көпжасушалы ағзалардың атаулары, екіншісінде олардың айырмашылық белгілері жазылады.
Оқушылармен бірге жұптық жұмыс критерийлері құрастырылады. Сол жұптық жұмыс критерийлер бойынша оқушылар бір бірін бағалай алады. Критерийлер тақтаға жазылады.
Бағалау критерийлері:
1) Біржасушалы ағзалардың ерекшеліктері көрсетілген
2) Көпжасушалы ағзалардың ерекшеліктері көрсетілген
3) Ақпарат нақты, толық, түсінікті, мысалдары келтірілген
(Б) Топтар карточкалармен алмасады және олардың дұрыстыңын тексереді.
(Т) Сынып топтарға бөлінеді: топта біржасушалы және көпжасушалы ағзалар туралы қысқаша жазылған ақпаратты пайдаланып диаграмма немесе кластер құрастырады. Ақпараттық парағында осы екі ағзалар типтерінің негізгі ерекшеліктері туралы ақпарат болады.
Мысалы: бір немесе бірнеше жасушадан тұрады, құрылысы қарапайым немесе күрделі, және амеба, жасыл эвглена, кірпікшелі-кебісше және гидра сияқты мысалдары болады.
Кері байланыс оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім, бағалау- өзара бағалау мен сыныптастарын критерийлер бойынша бағалау.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі табиғат дүниелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың сан алуантүрлілігі. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігі 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Тірі ағзалардың алуантүрлілігі Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар 5 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Тірі ағзалардың алуантүрлілігі Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]