Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың сан алуантүрлілігі. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуантүрлілігі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
Ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктейді.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар үйренеді: тірі ағзалардың бес патшалықтардың негізгі ерекшеліктерін біледі;
Көптеген оқушылар үйренеді: әрбір патшалықтың өкілдерін және оларға тән белгілерді сипаттай алады;
Кейбір оқушылар үйренеді: қосымша ақпаратты қолдану арқылы қыныларды, археи және т.б. тірі ағзалар топтарының ерекшеліктерін зерттей алады.
• Оқушылармен амандасу;
• Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Жақсы тілек» әдісін пайдалану. Оқушылар сабақ басында бір-біріне тізбек арқылы сабаққа немесе барлық күнге тілектерін тілейді.
• Сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
Білім актуализациясы. Оқушылар назарына «Биоалуандылық деген не» қысқа бейнематериал ұсынылады. Мұғалім Жер ғаламшарындағы ағзалардың сан алуандылығы туралы айтып кетіп, Жер шары біздің үйіміз, ал барлық тірі ағзалар оның тұрғындары туралы ойға әкеледі. Жер шарындағы барлық ағза ол үшін маңызды.
(М) Жердегі ағзалар көп болғаннан кейін, оларды анықтау үшін белгілі бір тәртіпке келтіріп, топқа жіктеген тиімді. Бұл міндетті систематика ғылым саласы жүзеге асырады.
Кітапхананы аналогия ретінде мысалға келтіруге болады. Сіздер кітапханаға келіп, белгілі бір кітапты тапқыңыз келеді. Кітапханадағы мыңдаған кітаптың арасынан табу қиын болар еді, алайда егер Сіз кітаптың жанрын, авторын, жазылған тілін білсеңіз, керекті кітапты табу минуттық іс болады. Тірі ағзалар да белгілі бір критерийлерге байланысты түрлер туыстарға, олар үлкенірек топқа жіктеліп, ең жоғары, ірі топ – патшалық болып табылады.
Бүгін біз тірі ағзалардың қандай патшалықтарға жіктелетінін білеміз.
(Т) Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топ ребус шешеді. Ребустың жауабы патшалықтың атауы болып табылады. Ребусты шешіп болғаннан кейін жауабын айтып, тақтадағы сызбаға толтыру қажет болады.
(С) Оқушылар өз жұмыстарын тексеру және бағалау үшін, «Деректер: Классификация» қысқа бейнематериалын қарайды.
(Т) Оқушылар топта ақпараттық параққа сүйеніп, әр патшалық туралы постер дайындайды. 5 топ, әрбір топ 1 патшалықты алады.
Тапсырманың критерийлері:
• Патшалықтың атауы аталу қажет;
• Патшалыққа жататын 5 өкілін мысалға келтіру;
• Патшалыққа тән ерекше белгілерін сипаттау қажет.
Оқушылар өз постерлерін қорғайды. Тыңдап отырған оқушылар постерді критерий бойынша бағалап, кері байланыс ұсынады. «Сэндвич» әдісін пайдалануға болады.
(С) Сергіту сәті. Оқушыларға презентацияда патшалықтар өкілдерінің суреттері көрсетіледі, олар орындарынан тұрып:
- егер бактерия болса – екі қолын көтереді;
- егер протист болса – бір қадам алға жасайды;
- егер саңырауқұлақ – екі рет шапалақтау;
- егер өсімдік болса – бір қадам артқа жасайды;
- егер жануар болса – парталас көршісімен орынмен алмасады.
(Ж) Оқушылар жұпта патшалықтар туралы жұмбақ ойлап тауып, оны сыныпқа жасырады.
Тапсырма критерийі: жұмбақта белгілі 1 патшалыққа тән белгі аталу қажет.
Дескрипторлар:
1. Патшалықтың атауын береді
2. Патшалықтың өкілдеріне мысал келтіре алады.
3. Патшалыққа тән ерекше белгілерді біледі, тізіп жазады.........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Экожүйе дегеніміз не? (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі табиғат дүниелері (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: