Сабақ жоспары (ұмж): Жылуөткізгіштік деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жылуөткізгіштік деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Жылуөткізгіштік деген не?
Оқу мақсаты: түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Температураны өлшейтін құрал термометр екендігін біледі;
Адамның қалыпты жағдайдағы температурасы 36.6о С екендігін біледі;
Оқушылардың көбі:
Температураны термометрдің көмегінсіз ақ анықтауға болатындығын біледі;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

Бөлімге кіріспе.
Температураны термометр көмегінсіз анықтауға бола ма?
Оқушылардың жауабын тыңдап болғанан кейін олардың жауаптарының дұрыс немесе қате екендігін анықтату үшін қолдарына қағаз қыстырғыш пен 5 теңгелік монеталарды таратып беріп, біраз алақандарында қысып отыра тұруларын сұраймын.
Қолдарыңдағы қағаз қыстырғыш немесе тиынның температурасы қандай?
(бірі білмейміз, бірі адам температурасымен бірдей деп айтуы мүмкін.)
Егер жауапқа дәл шықпасақ ары қарай «Адамның қалыпты температурасы қандай?» - деген сұрақ қоямын.
Онда сенің қолыңдағы дененің температурасы қандай?
Енді қолдарындағы қағаз қыстырғыш пен 5 теңгелік монетаны парта үстіне қойыңдар.
Қағаз қыстырғыш пен 5 теңгелік монетаның температурасы енді қандай болды?
(Алдында айтылғандардың мағынасын ұққан оқушы сынып бөлмесінен термометр іздейді)
Бөлме температурасы қанша? Термомет көрсеткішін қараңыз.
Онда қағаз қыстырғышпен 5 теңгелік монетаның да температурасы бірдей болады себебі жанасқан денелердің температуралары теңеседі.
Неге әртүрлі?
Бір қолыңмен партаның ағаш бетін екінші қолыңмен партаның темірін ұста?
Не байқадың?
Неге ағашқа қарағанда темір суығырақ?
(себебі ағашқа қарағанда темір өз бойындағы жылуын келесі денеге өткізе салады.)
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Жылуөткізгіштік деген не?
Сабақ мақсаттары:
қандай денелер жылуды жақсы өткізетінін білу;
жылуөткізгіштік сөзінің мағынасын білу;
жылуоқшауландырғыш дегеніміз не екендігін білу;
жылуоқшаландырғыш сөзінің мағынасын білу;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Зерттеу жұмысы
«Қатты денелер жылуды қалай өткізеді?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Қай дененің жылуөткізгіштігі жоғары?»
1. Алдарыңа қойылған заттарды жылуөткізгіштігіне байланысты өсу ретімен болжап орналастырыңдар және жазыңдар.
2. Әр қасықтың сабына ермексаз жапсырыңдар. Ермек¬сазға қағаз қыстырғышты бекітіңдер.
3. Қағаз қыстырғыш жапсырылған қасықтарды стақанға салыңдар.
4. Стақанға ыстық су құйдыртып алыңдар.(ыстық су құйылғаннан кейін стаканға жоламай шеттен бақылау жүргізіңдер).
5. Қағаз қыстырғыштар қай қасықтан бастап түсетінін бақылып жазыңдар.
6. Жасаған зерттеу жұмыстарыңа қорытынды жасаңдар.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жылуөткізгіштік деген не? 4 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Жылуөткізгіштік деген не?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]