Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен біз денелерді көре аламыз? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен біз денелерді көре аламыз? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Неліктен біз денелерді көре аламыз?
Оқу мақсаты: жарықтың шағылуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: жарықтың түзу бойымен таралатынын біледі.
Оқушылардың көбі: айналық және кедір-бұдырлы беттерге мысалдар келтіре алады.
Оқушылардың кейбірі: тұрмыста, техникада немесе әр түрі мамандық иелері жарықтың шағылу заңын қалай қолданылатындығына мысалдар келтіреді.

Бөлімге кіріспе.
1) (а) Жарықты адамзатқа қажетті заттармен теңеу арқылы маңыздылығын анықта.
(Адамның Жер бетінде өмір сүруі үшін ең қажетті заттар ауа мен су болса, дәл сол сияқты жарықтың да маңыздылығы өте зор. Себебі жарық болмаса адам айналасындағы денелерді көре алмайды.)
(ә) «Жарық сәулесі» сөзіне ассоциация құр.
(күн сәулесі, қол шам, май шам ... тағы басқа жарық көздерінен түсетін сәулелерді айтуы мүмкін.)
(б) Жарық сәулесі қалай таралады?
2) Сыныптағы қандай дене¬лерден өз бейнелеріңді көре аласыңдар?
Неліктен бұл денелерден өз бейнелеріңді көре аласыңдар?
Бұл құбылысты қалай атайды?
Кіріспе тапсырма.
Тақтада көл суреті ілінеді (немесе көрсетіледі).
1) Суретте не бейнеленген?
2) Неліктен көл бетін «айнадай» деп атайды деп ойлайсың?
Тақтаға құмды жер суреті ілінеді (немесе көрсетіледі).
1) Суретте не бейнеленегн?
2) Неліктен құмға қарағанда біз өз бейнемізді көре алмаймыз?
3) Құм беті қандай?
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Неліктен біз денелерді көре аламыз?»
Сабақ мақсаттары:
Айналық бет пен кедір-бұдырлы беттерді ажырата алу;
Жарықтың кедір-бұдырлы беттен қалай шағылатынын білу;
Жарықтың шағылуының маңызын түсіну.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Топтарға бөл.
Суреттерді мұқият қара. Денелерді қандай екі топқа бөлуге болады? Неліктен? Түсіндір.
Кітап бетін қолыңмен сипап көр. Ол қандай? Оның бетінен жарық шағыла ма? Кітап бетіндегі сурет пен жазуды қалай көретініңді түсіндіріп көр.
Басқа заттарды, мысалы, қобыз бен сүлгіні қалай көресің? Айналаңдағы денелерді көруің жарықтың шағылуымен қалай байланысты деп ойлайсың?
Кері байланыс
Өздері ажыратқан айналық пен кедір-бұдырлы бет туралы қысқаша мәлімет бере отырып, білімдерін нығайту (1-сабақ 7 бет)
Зерттеу жұмысы «Жасырылған денені анықта»
Зерттеу жұмысын жасау үшін оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
Зерттеу тақырыбына сай етіп сұрақтар әзірлеңдер. Ол үшін «Нені анықтауым қажет?» және «Мен нені зерттеймін?» деген мәселе туралы ойланып, зерттеу сұрағын құрастыру. Мысалы:
- Жасырылған денені қалай анықтаймын?
- Шағылу құбылысының бұл жердегі ролі қандай?
Зерттеуге қажетті құралдард кітапта берілген сурет негізінде жинақтату. (Ол үшін алдымен үлкенірек, сыртқы беттері қатты екі кітап таңдап аламыз. Кітаптарды дәл ортасынан ашып, екі жағы өзара тікбұрыш жасатындай және екі кітап та өзара тік бұрыш жасайтындай түйістіріп, үстелдің бетіне тігінен тұрғызамыз. Сонда екі кітаптан төбесінен қарағанда «М» әрпіне ұқсайтын конструкция шығады.)
Осы шыққа «М» әріпінің бір қырына келесі қырында не болып жатқандығын көре алмайтындай етіп оқушыны отырғызып, келесі қырына өшіргіш қойып. «Не жасырылған?» деген сұрақ қоямын. Жасырылған денені анықтау үшін енді «Не істеуім қажет?» деген сұрақ қоямын. Оқушылар өз идеяларын айтып, айналарды орналастырады. Әр оқушы бір-бірден кезекпе кезек жасырылған денелерді анықтап шығады.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың шағылуы деген не? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарық сәулесі жұтыла ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дыбысты бәсеңдетуге бола ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстың шағылуы деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың шағылуы дегеніміз не? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Неліктен біз денелерді көре аламыз? 4 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Неліктен біз денелерді көре аламыз?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]