Сабақ жоспары (ұмж): Архимед заңы қалай ашылды? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Архимед заңы қалай ашылды? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш және қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Архимед заңы қалай ашылды?
Оқу мақсаты: судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Берілген суреттерді сипаттай алу;
Оқушылардың көбі:
Архимед ашқан жаңалықты суретті сипаттай отырып, мағынасын аша алу;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бөлімге кіріспе.
Есімің қандай мағына береді?
Эврика есімі қандай мағына береді?
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Архимед заңы қалай ашылды?
Сабақ мақсаттары:
Архимед туралы аңызбен танысады;
Судағы дененің суды ығыстыратынын біледі;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Архимедтің ашқан жаңалығы.
Тақтаға ваннада отырған Архимед бейнесін шығарып қойып келесі сұрақтарды қоямын.
Ваннадан су неліктен төгілді?
Сендер осындай жағдайды кездестірдіңдер ме, өздерің көрдіңдер ме?
Су төгілмеу үшін не істеу керек?
Сонда су деңгейі көтерілмей ме?
Енді сол ваннаға үлкен кісі түссе, қанша су төгіледі, ал кішкентай бала түссе, қанша су төгіледі?
Неліктен?
Зерттеу жұмысы
«Денелер суды қалай ығыстырады?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Стауандағы суға ермексаздан жасалған шар салсақ су деңгейі қалай көтеріледі?»
1. Ермексаздан көлемі бірдей етіп домалақтап, бес шар жасаңдар.
2. Стақанда тұрған судың деңгейін маркермен бел-гілеңдер.
3. Суға бірінші шарды салыңдар, судың деңгейін мар¬кермен белгілеңдер.
4. Екінші шарды стақандағы суға салыңдар, су деңгейін маркермен белгілеңдер.
5. Қалған үш шарды да суға бірінен соң бірін салып, судың деңгейін әр шар салған сайын белгілеңдер.
6. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар.
Ақылды қарға.
Тақтаға қарға суретін іліп, немесе слайд арқылы көрсетіп, суретті сиппаттатамын.
Қарға кімнің заңын қолданып, су ішкелі жатыр?
Ол неліктен суға тас тастауда?.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Архимед заңы қалай ашылды? 4 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Архимед заңы қалай ашылды?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]