Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Көлеңкені пайдалану жолдарын біледі, көлеңке театрын жасаудағы жарықтың рөлін түсіндіреді.

Сабақтың мақсатын, тақырыбын анықтау.
Көлеңке театрын көрсету (бейнетаспа немесе сурет)
Бүгінгі сабақта біз
- көлеңкені қалай жасауға болатынын білеміз;
- көлеңке театрын жасап үйренеміз.
Кіріспе тапсырма. Көлеңке театры.
Топтық жұмыс.
Оқулықтағы суретті пайдалана оты¬рып, сұрақтарға түсіндірме суреттер түрінде жауап беру.
Жұмыстың соңында әр топтың тақтаға өз жұмысын ілуі, оны қысқаша түсіндіруі.
Сұрақтар:
1. Заттың көлеңкесі қай кезде пайда болады? (Зат жарық көзінің таралуына кедергі жасағанда).
2. Көлеңке неліктен заттың арғы жағында пайда болады? (Жарық жолында зат кедергі болып, оның артындағы кеңістікке түспей қалады).
3. Қандай заттар көлеңке түсіреді? (Мөлдір емес).
Талқылау. Сыныпқа сұрақ:
Көлеңке жарықтың қандай қасиетінің арқасында пайда болады? (Жарықтың түзусызықты таралуы).
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы
Хайуанаттар бағы.
Сынып бөлмесін қараңғылау.
Бірнеше үстел шамын немесе қолшамдарды қосып, жарығын қабырғаға бағыттау.
Оқушыларды бес топқа біріктіру. Әр топқа оқулықта берілген жануардың көлеңкесін түсіруді тапсыру.
Өздігінен басқа жануарлардың көлеңкесін жасау. Басқа топқа көлеңкесі бойынша жануарды атауды ұсыну.
ҚБ. Топтардың бірін бірі бағалауы.
Зерттеу жұмысы.
Зерттеу сұрағы: Заттың көлеңкесі пішініне байланысты бола ма?
Оқушылардың болжауы.
Экспериментті жоспарлау.
Зерттеу жүргізуге нұсқау:
• Қатты қағазда салынған сұлбаларды қию.
• Оларды таяқшаларға скотчтың көмегімен бекіту.
• Ақ парақтан экран жасау.
• Қолшам жарығын сұлбаға бағыттау.
• Экранға түскен көлеңкені заттың сұлбасымен салыстыру.
Зерттеу нәтижесін анықтау, сұраққа жауап беру:
- Көлеңке заттың пішініне байланысты ма?
- Бір заттың көлеңкесі әртүрлі пішінді болуы мүмкін бе?
Оқушылардың жауабын тыңдау. (Дененің көлеңкесі пішінін қайталайды деген жауапты назарда ұстау)
• Топтарға параллелепипед, конус, пирамида тәрізді фигуралар тарату.
• Фигураларды әр бүйіріне бұра отырып, жарық түсіру.
• Экранға түскен көлеңкені бақылау, өзара салыстыру.
- Заттың көлеңкесі пішінімен бірдей бола ма?.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке театрын қалай жасайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке қалай пайда болады? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көлеңке қалай пайда болады? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарық және көлеңке 2-сабақ (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ 3 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Көлеңке театрын қалай жасайды? 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]