Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстар қалай пайда болады ? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар қалай пайда болады ?
Оқу мақсаты: 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
дыбыс және дыбыстардың таралуы жайлы қарапайым түсінік алады;
дыбыс биіктігі мен зат мөлшерінің байланысын түсінеді.
Ұйымдастыру.
Сабақты әртүрлі (су, жел, жаңбыр, құстардың, музыкалық аспаптардың ) дыбыстарын тыңдаудан бастау.
Сұрақтар:
- Ненің дыбыстарын естідіңдер?
- Бұл дыбыстарды қандай белгілері бойынша бөлуге болады?
- Тағы ненің дыбыстарын күнделікті жиі естиміз?
- Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?
Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Жедел жауап. Жұпта жұмыс жасау. Оқушыларға сұрақтар мен жауаптар жазылған парақ беру. Оқушылардың мақсаты сұрақтарды жауаптармен сәйкестендіру. Жұмысты аяқтаған соң жұптық тексеру жүргізу, бірін-бірі бағалау.
Сұрақтар:
1. Дыбыс деген не?
2. Қандай заттар дыбыс шығарады?
3. Қандай дыбыстар болады?
4. Дыбыс бірдей жылдамдықпен тарай ма?
Жауаптар:
А) сағат, телефон, жел, гитара, найзағай, қоңырау
Ә) Адамзат дыбыс дүниесінде өмір сүреді. Біз адамдардың дауысын, құстың сайрағанын, музыкалық аспаптарының дыбысын, теңіз толқындарының шуылын, күн күркіреуін естиміз. Жұмыс істеп тұрған машиналар,қозғалған транспорт және көптеген басқа заттар дыбыс шығарады. Дыбыс дегеніміз – дыбыс көзінен құлағымызға берілетін ауадағы не басқа ортадағы тербелістер
Б) Дыбыс газда, сұйықтарда, қатты денелерде әртүрлі жылдамдықтармен тарайды.
В) Дыбыс көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи дыбыс көздеріне мыналар жатады: жарылыс, найзағай, жел, толқын, ал жасанды дыбыс көздеріне гитара, сирена, қоңырау дыбыстары жатады.
1. Дыбыстар қалай таралады?
Оқушылардың назарын оқулықтағы тапсырмаға арналған суретке аудару.
- Неге тыңшы құлағын жерге төседі?
- Теңіз жануарлары бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайды?
- Делфьин басқа дельфиндер шығаратын дыбысты 10 км қашықтықтан ести алады, себебі дыбыс ауаға қарағанда суда тез таралады және жақсырақ естіледі.
- Неге дәрігер науқастың жүрек соғуын тыңдау кезінде фонендоскопты пайдаланады?
Дыбыс қатты дене арқылы таралғанда ол қатты естілетініне назар аударту.
2. Жоғары – төмен. Оқушыларға домбыра не гитара көрсету. Олардың ішектері туралы не білетіндерін сұрау. Әрбір ішектің шығаратын дыбысын тыңдату. Алдымен гитараның жуан ішегін, сосын жіңішке ішегін шерту.
- Дыбыстардың қандай айырмашылығы бар? Оқушыларға дыбыстың биік және төмен болатынын айту. Дыбыстың түрлері көптеген себептерге байланысты. Жуандығы әртүрлі денелердің тербелуінен дыбыстың пайда болуын көрсету.
- Маса мен зауза қоңызының суреттерін көрсету.
- Масалар мен зауза қоңыздар ұшқан кезде дыбыс шығарады. Бұл дыбыс қайдан пайда болады?
- Олардың дыбысы қалай ерекшеленеді?
- Оның қанат қозғалысының жиілігіне қатысы бар ма? Болса, қандай?
- Қандай жәндік ең биік дыбыс шығарады? Дыбыстың биіктігі дыбыс көзінің тербелу жиілігіне байланысты болатынына баса назар аударту.
3. Зертте. Дене мөлшері мен шығатын дыбыс биіктігі арасындағы байланыс пен дыбыс қаттылығының қашықтыққа байланысына эксперимент жасау. Аспаптардың әрқайсысы дыбыс биіктігінің зат мөлшеріне байланыстылығын көрсету.
Эксперимент өткізу үшін оқушыларды үш топқа бөлу. 1-топ гитара, 2-топ сыбызғы, 3-топ ксилофон жасау. Бұл музыкалық аспаптарды жасау үшін арзан және қолжетімді материалдар пайдалану.
Зерттеу жүргізу бойынша нұсқаулық .......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстарды қалай естиміз? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты және бәсең дыбыстар 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстардың қасиеттерін қалай пайдаланады? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты және бәсең дыбыстар 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстар қандай болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: