Сабақ жоспары (ұмж): Жылу. Түрлі денелердің температурасын өлшеу. (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жылу. Түрлі денелердің температурасын өлшеу. (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жарық.Дыбыс.Жылу. Магниттілік.»
Сабақтың тақырыбы: Жылу. Түрлі денелердің температурасын өлшеу
Оқу мақсаттары: 2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу
2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру
2.1.2.5 құрылған жоспар бойынша бақылау жүргізу және қорытынды жасау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар әртүрлі заттардың температурасын өлшейтін құралдарды /термометрлерді/ ажыратады. Әртүрлі заттардың температурасынзерттейді.Олардың байланысын біледі.

(МК) Ұйымдастыру кезеңі
Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және жағымды көңіл-күй орнату.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық.
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Т)Не артық? ойыны
Мақсаты:Ойын оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын ашу
Қалам, оқулық, өшіргіш, термометр, кітап, дәптер, күнделік.
Ит, жылқы, адам, сиыр, қой, ешкі.
Су, орындық, керует, үстел, орындық, диван.
Астана, Қарағанды, ауа, Семей, Орал, Атырау.
-Балалар, қандай сөздер артық болып шықты?
-Неліктен?
-Бұл заттардың арасында байланыс бар ма?
-Қандай?
-Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құрастыру.
(Т,Қ,ОТ)Термометрлермен танысу
Оқушыларға термометр түрлері туралы ақпарат табуды, содан соң термометрлерді сыртқы түрі мен қолданылуына қатысты салыстыруды ұсыну.

(МК) Қауіпсіздік ережелері
Термометрді ұстау және қолдану жолдарын көрсету.
(Ж, ОТ) Тәжірибе
Мақсаты:Судың әр түрлі температурадағы күйін анықтау.
Тапсырма:Тапсырмаларды орындаңыз
• Суық, жылы, ыстық судың және мұздың температурасын өлшеңіз.
• Көрсеткіштердегі айырмашылықтарды талқылаңыз.
Қорытынды жасау:Таза су 1000С қайнайды, 00С мұз болып қатады/ мұз ери бастайды.
(Ұ,Т) Сарамандық жұмыс:
Тапсырма:Берілген құралдар қалай аталады? Олар не үшін қолданылады? ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты және бәсең дыбыстар 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты және бәсең дыбыстар (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қатты және бәсең дыбыстар 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жылу Түрлі денелердің температурасын өлшеу 2 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Жылу Түрлі денелердің температурасын өлшеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]