Сабақ жоспары (ұмж): Елімді мақтан етемін (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Елімді мақтан етемін (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: "Болашаққа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Елімді мақтан етемін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
-еліміздің маңызды жетістіктерімен танысады.

1. «Біздің жетістіктеріміз» кіріспе тапсырмасы
- Осы күнге дейін қандай дипломдар мен мақтау қағаздарын алдыңдар?
-Бұл марапаттар: спорт, өнер, оқу сияқты қандай саламен байланысты болды?

Оқушылар өздерінің грамоталарын, дипломдарын көрсетіп, оларды қашан және не үшін алғандарын айтады.

2. Ойлан (фронтальды жұмыс)
- "Жетістік"сөзін қалай түсінесіңдер?
-Мемлекеттің жетістіктері қандай болуы мүмкін?
-Адамның жетістіктері мен мемлекеттің жетістіктері арасындағы байланыс қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, талқылайды, өз идеяларын растауға мысалдар келтіреді.

3.Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- мемлекетіміздің басты жетістіктерімен танысу

4. Анықта(топпен)
- Карточка таңдаңдар. Сәйкес топты іздеңдер.
-Қазақ хандығы кезіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін естеріңе түсіріңдер: қандай ғасырда пайда болды, хандықтың негізін кім қалады, халықтың пайда болуына не себеп болды?
-Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстандағы халықтың өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар. Венн диаграммасын пайдаланыңдар.
-Әрбір кезеңдегі ең маңызды үш жетістікті анықтаңдар.
- Өз жұмыстарыңды сыныпқа таныстырыңдар.
- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.
- Қорытынды жасаңдар: Қазақстанның үш негізгі жетістігін атаңдар.

Оқушылар топтарға бөлініп, Қазақ хандығы мен оның тарихы туралы еске түсіреді. Венн диграммасын пайдалана отырып, халықтың өмірі мен тұрмысын салыстырады. Өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды, ең маңызды үш жетістікті атайды. Содан кейін оқулықтағы ақпаратты оқиды, өз жұмыстарын толықтырады, жалпы қорытынды жасайды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Елімді мақтан етемін 4 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Елімді мақтан етемін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]