Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі әлемдегі Қазақстан (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі әлемдегі Қазақстан (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.5.2 Қазақстанның әлемдік сахнадағы рөлін анықтау;
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі жеке тұлғаның демократиялық құқықтары мен бостандықтарының, міндеттерінің мысалдарын келтіру
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар
• мемлекеттің беделі жайлы біледі;
• еліміздің беделін көтеруге үлес қосқан балалармен танысады;

1. Кіріспе тапсырма "Сөзді жина"(топпен)

- Сөзді берілген әріптерден жинаңдар.
- Қандай сөздер шықты?
-Алынған сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар.

Жауабы: ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
- Тақырып бойынша не айта аласыңдар?

Оқушылар топтарда сөз жинайды, содан кейін сөз тіркесін құрастырады, осы тақырып бойынша не туралы айтуға болатынын талқылайды.


2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-мемлекеттің беделі жайлы білeді;
- еліміздің беделін көтеруге үлес қосқан оқушылармен танысады;


3. Ойлан (фронтальды жұмыс)

-Біздің елімізде халықаралық маңызы бар қандай оқиғалар болды?
- Бұл оқиғалар біздің еліміздің дамуына қандай маңызы болды?
- "Бедел"сөзі нені білдіреді?
- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.
- Қорытынды жасаңдар.
Жауап:
Бедел дегеніміз – абырой, көпшілік алдында жоғары бағаға ие болу.
Оқушылар өз пікірлерін айтып, Қазақстандағы халықаралық маңызы бар оқиғаларды және олардың елдің дамуы үшін рөлін талқылайды,оқулықтағы мәтінді оқиды. Елдің беделі мен жүргізіліп жатқан іс-шаралар арасындағы тәуелділік туралы жалпы қорытынды жасайды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қазіргі әлемдегі Қазақстан 4 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]