Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның таңғажайып жерлері (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның таңғажайып жерлері (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су- тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның таңғажайып жерлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.4.1. Қазақстанның ерекше тартымды туристік нысандарының рейтингісін құру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Туризм саласындағы су нысандарының рөлін түсіндіреді;
- Қазақстанның туристік су нысандарының рейтингісін құрады.

1. «Еліміздің ең көрікті жерлері» бейнематериалын көру (жеке, топта)
Оқушыларға Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бейнематериалын көрсету ұсынылады. Оқушылар топта берілген кестедегі өз сұрақтарына жауап жазып отырады. Кейіннен топта талдайды.
Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын айқындауға жетелейді.

1. Видеода қандай жерлер аталды? 2. Бурабай туралы не айтылды?
3. Іле Алатау туралы не айтылды?
4. Катон-Қарағай саябағы туралы не айтылды?

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-Туризм саласындағы су нысандарының рөлін түсіндіреді;
- Қазақстанның туристік су нысандарының рейтингісін құрады.

1. «Топтастыр» стратегиясы (топта, ұжымда)
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оларға үш үстелге арналып туризм түрлеріне суреттер таратылады. Әр топта туризмнің екі түріне арналған суреттерді сәйкесінше топтастырулары қажет. Әр топ өз тапсырмаларына сай туризм түрлері туралы қысқаша айтып береді. Өздері білетін Қазақстанның туристік нысандарын атайды.

Бағалау критерийлері:
- Туризмнің түрлерін анықтайды .

2. «Картаға саяхат» тапсырмасы (жұппен, ұжымда)
Қазақстанның физикалық картасы.
Талқылау сұрақтары:
- Қазақстанның су нысандарын атаңдар.
-Қазақстанның қандай су нысандарын туризм саласына қолдануға болады?
- Қазақстанның қандай су нысандарына туристер көп барады?
- Қазақстанның қай аумағында су нысандары ауданы жағынан үлкен?

Бағалау критерийлері:
- Қазақстандағы туристік су нысандарын біледі.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қазақстанның таңғажайып жерлері 3 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Қазақстанның таңғажайып жерлері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]