Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан халықтарының мейрамдары (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан халықтарының мейрамдары (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Қазақстан халықтарының мейрамдары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- «Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің маңызын түсінеді;
- Мерекелердің түрлерін ажыратады;
- Ұлттық мерекелердің маңызын шығармашылықпен таныстырады.

1. «Қар атысу» ойыны (ұжымда)
Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне ұқаланған қағазды лақтырып ойнайды. Лақтыра отырып Қазақстанның бір мерекесін дауыстап атайды. Ойын соңында оқушылардың айтқан атаулары қайталанады. Аталған мерекелерді атап өту маңыздылығы сұралады.


2. Пікір алмасу (жұпта)
Оқушылар мерекелер туралы өз ойларын ортаға салады.
Келесі сұрақтар қойыңыз:
-Біздің елде қандай мерекелер атап өтіледі?
-Мереке күндері адамдар немен айналысады?
-«Мейрам, мереке» сөздерін естігенде есіңе не түсетінін ойлап көр: түстер, дыбыстар, иістер, сезімдер мен көңіл күйлер.

3. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- «Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің маңызын түсінеді;
- Мерекелердің түрлерін ажыратады;
- Ұлттық мерекелердің маңызын шығармашылықпен таныстырады.
1. Видеоақпаратпен жұмыс (ұжымда)
Оқушыларға бірлік күні мейрамының видеосы немесе презентациясын ұсыну.
-Бұл қандай мереке деп ойлайсыңдар?
-Бұл мерекенің мақсаты қандай?
Видео немесе презентация соңында оқушыларға сұрақтар қойып, көргені туралы пікір айтуын ұсыну.

2. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы (топта)
Оқушыдан оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып, 3 жуан және 3 жіңішке сұрақ құрастыруды сұраңыз. Ол сұрақтарды топта талқылап, сапалыларын басқа топқа қою керек. Мерекенің ұлттық, мемлекеттік және кәсіби түрлерінің ерекшеліктерін тағы да атап көрсете отырып, тапсырманың қорытындысын жасаңыз.

Бағалау критерийлері:
- Мерекелердің түрлерін ажыратады: ұлттық, мемлекеттік және кәсіби;
- Қазақстандағы мерекелердің түрлеріне мысалдар келтіреді;......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қазақстан халықтарының мейрамдары 3 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Қазақстан халықтарының мейрамдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]