Сабақ жоспары (ұмж): Айналамыздағы қауіп-қатерлер (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Айналамыздағы қауіп-қатерлер (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су- тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Айналамыздағы қауіп-қатерлер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.2 Қолайсыз климаттық ауа-райы жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құру.
3.2.3.2. Геологиялық және табиғи климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрады.

1. «Артық сөз» стратегиясы (топта, ұжымда)
Оқушылар қатардағы сөздердің ішінен артық сөздерді алып тастаулары керек.

Сөздер қатары: дауыл, қар көшкіні, құйын, боран, жер сілкіну, жер, қауіпсіздік, су, өрт, су тасқыны, лай көшкіні, гүл.

Артық сөздерді неге алып тастағандарын түсіндіріп, сабақ тақырыбы мен мақсатына шығады.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережесін құрады.

3. «Сұрыпта» тапсырмасы (топпен, жеке)
Тақтаға төмендегі кесте ілініп, оқушыларға берілген сөздерді екі бағанға сәйкесінше жинақтау ұсынылады:
жер сілкіну, су ластануы, цунами, қар көшкіні, жанартау атқылауы, ауаға улы газдардың тарауы, дауыл, мұнайдың төгілуі, нөсер жауыннан болған су тасқыны, радиация , бұршақ, күн күркіреу.

Табиғи апаттар Техногенді апаттар


Бағалау критерийлері:
- апаттың түрлерін ажырата алады.
Өзіндік бағалауға түрлі түсті стакандарды пайдаланып, кері байланыс береді.
Қызыл- мүлдем түсінбедім
Сары- сұрағым бар
Жасыл- түсіндім
4. «Стикердегі диалог» әдісі (жеке, ұжымда)
Оқушыларға «Сел ағындары», «Су тасқыны», «Қар көшкіні», «Лай көшкіні» сөздері жазылған қима қағаздар таратылады. Оқушылар аталған жағдайлар кезінде жүргізілетін қауіпсіздік ережелері жайлы ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі. Стикердегі пікірлерді оқып, толықтырады. Бірдей пікірлерді топтастырып, қауіпсіздік ережелерін құрады.
Талқылау сұрақтары:
- Су басу мен су тасқынының айырмашылығы не?
- Қар көшкіні қандай жерде болады?
- Сел ағындарының пайда болу себебі?
- Лай көшкіні деген не?
Бағалау критерийлері:
- табиғи апат жағдайындағы қауіпсіздік ережесін құрады (кем дегенде 3-4).......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Айналамыздағы қауіп-қатерлер 3 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Айналамыздағы қауіп-қатерлер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]