Сабақ жоспары (ұмж): Бізді қоршаған орта (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Бізді қоршаған орта (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Бізді қоршаған орта
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): Қоршаған орта дегеніміз не екендігін түсінеді.
Мұғалімнің көмегіне сүйене отырып ақпарат көздерімен жұмыс істей алады.
Сабақ мақсаттары: Қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді.
Барлық қоршаған орта табиғат және адам қолымен жасалатынын біледі.

1) Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы өлең шумағын хормен оқыту.
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

Оқушыларға көздерін жұмғызу,құстардың үніне байланысты әуен тыңдау.
«Құстардың үні»
Ал енді көздеріңді ашыңдарАл сендер бұл әуенді естігенде қандай сезімде болдыңдар?? Құстардың үні адамды тыныштандырады және ерекше күйге енгізетіні белгілі.
Ал енді маңайларыңа, қоршаған әлемге көз салыңдар?Не байқадыңдар?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сонымен бүгінгі сабағымыз не жайында болмақшы?
Сабақтың тақырыбы: Бізді қоршаған орта.

Қызығушылықты ояту. «Сиқырлы қорап» ойыны
Ойынның шарты: Әшекейленген екі қорап,біріншісі –қызыл, екіншісі –жасыл.
Оқушылардан ақ қағаз бетіне өздерінің айналасындағы барлық заттарды: адам қолымен жасаған заттарды және табиғи заттарды жазуын сұрау.
«Қызыл қорап»- адам қолымен жасалған заттарды
«Жасыл қорапқа»- табиғи заттарды салғызу.
Сонымен бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады?
ҚОРШАҒАН ОРТА
Сабақ соңында «Сиқырлы қорап» ішіндегі жазылған сөздерге қайтып келу.
Сабақтың мақсаты:
Қоршаған орта туралы өз пікірін білдіреді.
Барлық қоршаған орта табиғи зат және адам қолымен жасалатынын біледі.
Жетістік критерийлері:
Қоршаған орта, табиғат жайында біледі.
Табиғатқа қамқорлық жасау керектігін түсінеді.
Қоршаған ортадағы барлық дүние бір- бірімен тығыз байланысты екенін біледі.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Дәмді әрі пайдалы 2-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер бедері дегеніміз не? (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адамдардың кеңістікте бағдарлануы (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жер бетінің табиғи нысандары (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Бізді қоршаған орта 2 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Бізді қоршаған орта

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]