Сабақ жоспары (ұмж): Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Процессуалдық құқықтың негіздері.
Сабақ тақырыбы: Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ
Оқу мақсаты: 10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру
10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау
Сабақ мақсаты: әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілей тұра, әкімшілік процесс ұғымын, міндеттерін және қағидаларын ашу.

Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалімнің сыныпты сабаққа дайындау үдерісі.
«Миға шабуыл» әдісі ретінде суреттер қолданып, әкімшілік іс жүргізу жүйесімен таныстыру
- Инфографикадан нелерді байқадыңыздар?
- Суреттерге назар аударып, «әкімшілік процесс», «әкімшілік іс жүргізу түрлері», «арыз», «өтініш», «шағым» ұғымдарын түсіндіріңіздер.
- Дескриптор:Оқушылар суреттерге қарап өз жауаптарын береді
№1. Тапсырма
- Арыз, өтініш, шағым ұғымдарының әкімшілік процеске қандай қатысы бар?
- Қалай ойласыздар, әкімшілік іс жүргізуге қандай міндеттер кіреді?
Дескриптор:
- Оқушылар арыз, өтініш, шағым ұғымдарының әкімшілік процеске қандай қатысы бар екеніне өз түсніктерін береді
- әкімшілік іс жүргізудің міндеттерін атайды
№2. Тапсырма Сыныптық/Топтық жұмыс
- «Әкімшілік ұстау» тақырыбындағы бейне сабақты тамашалап, ондағы заңның баптарына түсініктеме ұсынасыздар.
Бейнематериал және таратпа ресурстар ақпараттары негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
- Әкімшілік процестегі әкімшілік ұстау дегеніміз не?
- Әкімшілік ұстаудың қандай заңдық шарттары бар?
- Әкімшілік ұстауда азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынас этикетін құрастырыңыздар.
Дескриптор:
- Оқушылар әкімшілік процестегі әкімшілік ұстаудың анықтамасын береді;
- Әкімшілік ұстаудың заңдық шарттарын ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің баптарына сүйене отырып түсіндіреді.
- Әкімшілік ұстауда азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынас этикетін инфографика түрінде құрастырады.

Қолданылатын құжаттар: ҚР Конституциясының «Адам және азамат» бөлімі 10-39 баптары аралығы, ҚР Әкімшілік Кодексі; ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексі, ҚР ішкі істер органдары туралы Заңының 19 –бабы 5-тармағы

Әкімшілік ұстауға түсініктеме беру:
Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтканда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары 3-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Әкімшілік процесс түсінігі міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ 10 сынып құқық негіздері, құқық негіздерінен қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, құқық негіздері умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Әкімшілік процесс түсінігі міндеттері мен қағидаттары 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]