Сабақ жоспары (ұмж): «Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?» 2-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): «Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?» 2-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Еңбек шарты
Сабақтың тақырыбы: Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 2-сабақ
Оқу мақсаты: Құқықтық жағдаяттарды талдай отырып, еңбек шартының мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты: Еңбек шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау.

Миға шабуыл. Оқушыларға слайдтан «Гипотеза/ Болжау» әдісі негізінде суреттер ұсынылады. Сурет бойынша төмендегі сұрақтар беріледі:
- Назарларыңызға қандай жағдай ұсынылып тұр?
- Бүгінгі тақырып неге байланысты деп ойлайсыздар?

М Болжамдар айтылған соң алдыңғы сабақта өткен тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстырылады. Сабақ жоспары қысқаша баяндалып, сабақтың соңғы нәтижелігі анықталады және еңбек шарты мен қатынастар туралы анықтамалар жасалып, видео көрсетіледі.
Еңбек құқығы:
Жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар

М Бірнеше еңбек құқық бұзушылықтарына байланысты жағдаяттардан бейнебаянда мысал келтіріледі.
Оқушыларға сұрақ қойылады:
-Мәселені шешу үшін қандай әрекет еткен заңды және дұрыс болар еді?
Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:
1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.
2) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.
3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады? 1-сабақ (Құқық негіздері, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық жария құқығы түсінігі 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Халықаралық жария құқығы түсінігі 3-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Азаматтық процестің субъектілері (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қылмыстық процесс субъектілері 1-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары «Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?» 2-сабақ 9 сынып құқық негіздері, құқық негіздерінен қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, құқық негіздері умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, «Еңбек шарты қандай құқықтар мен міндеттерді туындатады?» 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]