Сабақ жоспары (ұмж): Айналамыздағы ғарыш (Көркем еңбек, 4 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Айналамыздағы ғарыш  (Көркем еңбек, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат
Сабақ тақырыбы: Айналамыздағы ғарыш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.2.3.1 Тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: • «Мен ғарыштамын» тақырыбында әңгіме ойлап табу;
• Ермексазды қолданып көлемді аппликация орындау, түсті А4 форматты қатты қағаздың бетіне, композиция құру.

Сабақтың басы: Сәлеметсіздер ме!
1. Сабақтың түрі - дағдыларды қалыптастыру.
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен және сабақ мақсаттарымен таныстыру. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
(1 слайд)
Мен сізбен кездескеніме өте қуаныштымын және сіздерге жақсы көңіл-күй бар деп үміттенемін. Бір-бірімізге күлімсірейік. Бүгін біз пластилинография техникасымен танысуды жалғастырамыз, «Айналамыздағы ғарыш» тақырыбында композиция құрастырамыз.
2. Тапсырма №1. Оқу әдістемесі - визуалды, жұмыс түрі - фронталды, әдіс - жаңа ақпаратты игеру.
«Пластилинография» дегеніміз не?
- Балалар, сіздер білесіздер суретті қарындаштарпен бояулармен ғана емес, ермексазбенде салуға болады. Пластинография – дәстүрлі емес техникаға жатады, көлденен бетте бейнеленген көлемді сурет (барельеф) ермексаз қолданып, «суретте» бейнелерді көп немесе аз дөңеспен арқылы көрсетіледі. Бүгін біз ғарышқа қызықты, танымды саяхат жасаймыз, бірақ алдымен жұмбақтарды шешу керек:
Етегім толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ. Жауап: Жұлдыз

Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. Жауап: Ай
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Ғарыш туралы қандай әңгіме, мультфильм білесіздер?
Олар не жайында? Мультфильмде ғарыштың қандай элементтері бейнеленген? (2слайд)
«Мен ғарыштамын» атты тақырыбына ермексаздан рельефті аппликацияны А4 форматында орындау.
Рельефті ермексазды аппликацияның орындау кезеңдерін қарастыр.
Сұрақтарға жауап бер:
Бұл техниканың қандай ерекшеліктері бар?
Жауап: жұмсақ материал, қолға жағымды.
Практикалық жұмысқа қандай материалдар қажет?
Жауап: Қатты қағаз, ермексаз, стектар.
3.Кері байланыс: оқушылар ұсынылған жұмыстарға байланысты сұрақ қойу.
4.Қалыптастырушы бағалау: Толық қызықты жауаптар үшін оқушыларды мақтау.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Айналамыздағы ғарыш 4 сынып көркем еңбек, көркем еңбектен қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, көркем еңбек умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Айналамыздағы ғарыш

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]