Сабақ жоспары (ұмж): Тұңғиық теңіз жұмбақтары (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Тұңғиық теңіз жұмбақтары (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Тұңғиық теңіз жұмбақтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра қолдану
3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартудың
жолдарын ұсыну.
Сабақ мақсаттары: • Жұмыс жасау тәсілдерін таңдап, шығармашылық идеялар ұсыну және сезімдерін суреттеу;
• Суасты әлемін бейнелеуде шығармашылық жұмысты жақсартуға идеялар ұсыну.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Суреттерді талдау
Оқушыларға суреттерді көрсетіңіз, оларда не бейнеленгенің анықтауды сұраңыз.
Оқушылар суреттер арасынан маринаны табуға, таңдауын түсіндіруге және теңіз бейнесі тудыраын көңіл күйді анықтауға ұмтылуы тиіс.
Сұрақтар:
• Картиналардың қайсысы марина жанрына жатады? Неліктен?
• Бұл картиналарда не бейнеленген? Суретші қалай түсті суреттеген?
• Бұл картиналарды не біріктіреді? Кем дегенде үш белгісін ата.
Марина – бұл бейнелеу өнерінің жанры, пейзаждың бір түрі болып саналады. Марина теңіз бейнесін, теңіздегі шайқасты және/немес теңізде болатын кез келген басқа оқиғаны бейнелейді. Маринист – мариналарды салатын суретші. Марина жанрының ең жарқын өкілдері – И.К.Айвазовский мен У.Тернер.

Оқушыларға И.К.Айвазовский мен У.Тернер туралы қызықты ақпараттарды айтып беріңіз, олардың атақты жұмыстарымен таныстырыңыз.
Су асты әлемін зерттеу
Теңіз пейзажы және су тұңғиықтары бейнеленген картиналарды орналастырыңыз. Оқушылар берілген жұмыстарды топпен талқылайды, өз ойларын айтады.
Сұрақтар:
• Суреттегі жарық қалай берілген?
• Қандай техника және түстер пайдаланылған?
• Бұл суреттер сенің бойыңда қандай сезім тудырды?

Тәжірибелік жұмыс
«Тұңғиық теңіз әлемі» тақырыбында сурет салу. Шығармашылық жұмысты орындар алдында келесі сұрақтарды жұпта талқылау ұсынылады:
• Нені бейнелейсің: суасты тұрғындарының шынайы әлемін бе әлде ертегідей суасты патшалығын ба?
• Қандай көңіл күйді көрсеткің келеді?
• Суасты патшалығының ерекшеліктерін беруге қандай түстер мен техникалар көмектеседі?
Жұмысты оқушылар жұмысты өздері қалаған көркем материалдармен орындайды.

Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.
Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

Сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларға жұпта өз суреттері туралы баяндауын сұраңыз:
• Қандай сурет салдың?
• Көңіл күйді қалай суреттедің?
• Жұмысыңда нені түрлендірер едің?
• Оны қандай тәсілмен жасауға болады........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Тұңғиық теңіз жұмбақтары 3 сынып көркем еңбек, көркем еңбектен қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, көркем еңбек умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Тұңғиық теңіз жұмбақтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]