Сабақ жоспары (ұмж): Музыка және технология (Музыка, 6 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Музыка және технология (Музыка, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Музыка - өмір тынысы
Сабақтың мақсаты: Музыка және технология
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау.
Сабақтың мақсаты:
- шығармашылық жұмыс орындау барысында пәндік терминологияны қолдану;
- әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып орындау;
- С. Апасованың «Мен диджеймін» әніне музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, ремикс шығару.

Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырыпты қайталау. Сабақтың мақсаты мен критерийлерін түсіндіру.
Сыныпта талқылау:
- Музыкалық компьютерлік бағдарламалар дегеніміз не?
- Сіздер қандай музыкалық бағдарламаларды білесіздер? Атаңыздар.
Талқылаудан кейін тақырыпты айту.
Тапсырма. Зерттеу.
Шағын зерттеу жүргізу.
І топ.
- Қандай компьютерлік музыкалық бағдарламалар қарапайым әрі жұмыс жасауға ыңғайлы?
ІІ топ.
- Қандай компьютерлік музыкалық бағдарламалар күрделі және кәсіби дыбыс жазу студияларында қолданады?
ІІІ топ.
- «Ремикс» сөзінің мағынасы?
- Дыбысты «микширлеу» дегенді қалай түсінесіздер?
Ақпаратты сынып алдында жариялау.
Тапсырма. Тыңдау және талқылау. Ұлытау тобының орындауындағы «Кероғлы» күйін тыңдаңыз.
Күйдің заманауи өңделген түрімен классикалық орындау түрін салыстырыңыз.
- Қандай өзгерістер бар?
- Музыкада жаңартулар пайда болды ма?

Тапсырма. Ән үйрену және орындау.
С. Апасованың «Мен диджеймін» әнін сыныпта үйрену және орындау.
Сыныпты екі топқа бөлу.
Үйретілген ән үзіндісіне музыкалық аспаптарды қолдана отырып, ремикс жасау.
«Мен диджеймін» әнін ремикс стилінде орындау.
- Әнде нені өзгертесіздер?
- Ремиксте және орындау барысында қандай музыкалық тәсілдерді қолданасыздар?.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Музыка және технология 6 сынып музыка, музыкадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, музыка умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Музыка және технология

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]