Сабақ жоспары (ұмж): Музыкалық картиналар 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Музыкалық картиналар 1-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Музыкалық картиналар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату
3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: • «М.Какимовтың «Биші қыздар» суреті жайлы әңгімелесу;
• Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдау және талдау;
• Концерт ұғымымен танысу;
• Е.Кимнің «Қыз куу» суретіне музыкалық композиция құрастыру.
• Шығармашлық жұмысын таныстыру және бағалау.

Сыныппен талқылау.
Суретке назар аударыңыз.
1. Суретті қалай атауға болады?
2. Бұл суреттің мазмұнын жеткізу үшін қандай аспапты қолданасың?
3. Бұл музыкаға қандай әуен сайкес келеді?
4. Сіздің әуеніңіз қандай болар еді?
1 тапсырма. Тыңдау және талдау.
Антонио Вивальдидің скрипкаға арналған Е -dur «Көктем» концертін тыңдаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Музыка сізге ұнады ма?
- Музыка сізге қандай көңіл-күй сыйлады?
- Қай аспаптың дауысын естіп тұрсыздар?
- Композитор табиғаттың әсем көрінісін жеткізу үшін қандай дыбыстық әсерлер қолданған?
- Антонио Вивальди туралы не білесіздер?
- Концерт дегеніміз не?

2-тапсырма. Музыкалық сөздік

Концерт -жеке музыкалық аспап пен оркестр үшін сонаталық циклді формада жазылған музыкалық шығарма.

Антонио Лучо Вивальди (итал. Antonio Lucio Vivaldi; 4 наурыз, 1678 жылы, Венеция — 28 шілде, 1741, Вена) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады.

3-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Топта ұсынылған суретке музыкалының көркемдеуші құралдарын қолдана отырып, музыка шығару......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Музыкалық картиналар 1-сабақ 3 сынып музыка, музыкадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, музыка умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал әдістемелік нұсқаулар, Музыкалық картиналар 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]