Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ шама 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ шама 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4A Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шама 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 кездейсоқ шаманы түсінеді және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіреді;
Сабақ мақсаттары: Кездейсоқ шаманың мағынасын түсініп, олардға мысалдар келтіріп, кездейсоқ шамаға жататын мысалдарды ажыратуды үйрену.

Сәлемдесу.
Ықтималдықтар теориясында кездейсоқ оқиғалардан басқа маңызды ұғым кездейсоқ шамалардың бар екендігін мұғалім айтып өтеді.

Сұрақ: Кездейсоқ оқиғаның анықтамасын беріңіз. Кездейсоқ оқиға мен кездейсоқ шаманың айырмашылығы неде? Мысалмен түсіндіріңіз?
Оқушылар мысалдар келтіріп көреді. Мұғалім қажетті жерде өзгерістер енгізіп өзінің мысалдарын келтіреді:
1) Кездейсоқ шамалар ретінде:
2) Талдықорған қаласында бір тәулікте туылған балалар саны;
3) Берілген партияда ақауы бар өнімдерінің саны;
4) Нысанаға бірінші тиюге дейінгі оқтардың атылған саны;
5) Артиллерия снарядының ұшу ұзақтығы;
6) Бір ай ішінде зауыттың элект энергиясының шығыны.
Ойын сүйегін бір рет лақтырғанда 1; 2; 3; 4; 5; 6 сандарының бірі түсуі мүмкін.Нақты қандай сан түсетінін жоспарлау мүмкін емес, өйткені берілген сандардың кез келгені түсуі көптеген себептерге тәуелді және оларды анықтау мүмкін емес. Егер бірінші 3 саны түссе, екіншісінде 1 немесе 5 саны түсуі немесе 3 саны түсуі мүмкін. Сонымен тәжірибенің қайталануынан түскен сандардың жиынтығы кездейсоқ өзгереді. Ойын сүйегін лақтыру кезінде, түскен сандар жиынтығы айнымалы болып табылады, оның өзгерісі көптеген кездейсоқ себептерден тәуелді. Ондай шаманы кездейсоқ деп атайды.

Кездейсоқ оқиға деп кейбір байқау, тәжірибе немесе эксперимент жасауда белгілі бір шарттардың жиынтығы орындалғанда пайда болатын немесе пайда болмайтын нәтижені айтады.
Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама.

Мысалдардан кездейсоқ шаманы анықтап, талдау жасалады. Қажетті қорытындыға келеді.

Кездейсоқ шамалары бар мысалдар оқушыларға ұсынылады. Соның ішінде кездейсоқ шама бола алатын және бола алмайтын мысалдар да бар. Оларды анықтап, жауабын негіздеу керек.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ шама 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискреттік кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискреттік кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискреттік кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары 4-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Кездейсоқ шама 3-сабақ 10 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Кездейсоқ шама 3-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]