Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2С Ықтималдық
Сабақ тақырыбы: Қайталау. Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;
10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;
10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;
10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;
10.3.1.5 - жуықтап есептеу үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану;
10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;
10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;
10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану
* P(A + B) = P(A) + P(B)
* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);
10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану
* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)
*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);
10.3.2.5 - толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2.6 - Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2.7 - Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу;
10.3.2.8 - Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар комбинаторика мен ықтималдықтың формулаларын пайдаланады, есептер шығарады.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейініне назар аудару
Қайталау:

Комбинаторика деген қандай ұғым?
Комбинаторика бөлімдері қандай?
Орналастыру дегеніміз не?
Факториал дегеніміз не?
Алмастырулар дегеніміз не?
Терулер дегенді қалай түсінеміз?
Кездейсоқ оқиғалар дегенізім не?
Ықтималдықтың классикалық анықтамасын айтып беріңіз.
Қосу және көбейту теоремалары айтып беріңіз.
Байес формуласын қалай түсінеміз?
Бернулли формулласын қалай түсінеміз?
«Менің ойымша ...» сөз тіркесін пайдаланып, түсіндіреді

Математикалық диктант.

Оқушыларға « Математикалық диктант комбинаторика және ықтималдық жауапсыз» парақша таратылады. Оқушылар осы парақты толтырады және слайдтағы жауаптарымен бірін-бірі бағалайды. Жалпы 11 балл. Бұл оқушылардың комбинаториканың орналастыру, алмастыру, теру формулаларын және ықтималдықтың формулаларын білуіне көмек бермек.
Мысалдар шешімімен.
Бұл оқушыларға тақырыпты тереңірек түсінуіне және өздік жұмысын жазуға көмек береді.

Жұптық жұмыс.
Өздік жұмыстар.
Әр тақырыптарға бірнеше тапсырмалар қарастырылған.
Оқушылар жұптасып сәйкес тақырыптар бойынша білімдерін шыңдайды.

Жеке жұмыстар.

Аралас есептер.
Оқушылар жеке-жеке тақырыптары арласқан есептерді шығарып білімдерін шыңдайды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қайталау Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері 10 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Қайталау Комбинаторика және ықтималдықтар теориясының негіздері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]