Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.11 кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңдылықтарының кестесін құрады
Сабақ мақсаты: Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын бекітеді; Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім қатарын құрады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
Оқытудың тақырыбы және мақсаты, жетістік критерийі
Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатына сүйеніп өздігінен бағалау критерийін жасауға ұсынады
Критерийлерді бірге талдау, негізгі критерийлерді тақтаға жазу
Негізгі сұрақтарды өзектендіру

- «Дискретті кездейсоқ шамалар.Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы» тақырыбын оқуды жалғастырамыз
Біздің алдымызда бүгін келесі мақсат тұр: алдыңғы сабақта алған білімдерімізді бекіту: дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың ажырата білу; дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңының анықтамасын біледі; дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім қатарын құра біледі.

Жалпы сұрақ:
- КШ қандай екі үлкен топқа бөлуге болады, және олардың бір-бірінен айырмашылығы?
(Дискретті және үздіксіз. ДКШ үшін оның қабылдайтын мәндерін алдын ала көрсетуге болады, ал үздіксіз КШ үшін алдын ала барлық мәнді көрсетуге болмайды).

- Мысалдар қарастырайық.
1) Бір зеңбіректен бір көздегенде 4 рет атуға болады. Не кездейсоқ шама болады? (нысанаға тию саны)
- Не үздіксіз КШ болады? (Зеңбіректен жарылу орнына дейінгі қашықтық)
- Берілген үздіксіз шамадан дискретті «істеуге» бола ма? (Иә, мысалы, арақашықтықты метрмен көрсету арқылы).

2) газ молекуласының жылдамдығы өзгеріссіз қалмайды, ол басқа молекулалармен соқтығысқанда өзгереді. Әрбір молекула газдың басқа молекуласымен не соқтығуы, не соқтықпауы мүмкін, сондықтан оның жылдамдығының өзгеруі кездейсоқ сипатта болады. Бұл ДКШ немесе ҮКШ? (Үздіксіз).

- Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңын келесі кесте түрінде берген тиімді болатынын білеміз:
Мәні ...
Ықтималдық ...
Бұл кесте дискретті кездейсоқ шаманың қатары деп аталады. Үлестірім қатарының жоғарғы жолында өсу ретімен дискретті кездейсоқ шаманың барлық мүмкін мәндері көрсетілген (икстер), ал төменгі жолында – осы мәндердің ықтималдықтары (p) ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестрім түрлері. Биномдық үлестірім. (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестрім түрлері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискреттік кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары 3-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестрім түрлері. Геометриялық үлестірім 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ 10 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Дискретті кездейсоқ шамалар. Үздіксіз кездейсоқ шама ұғымы 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]