Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық бөлшектер
Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): алгебралық бөлшектерді танып білу;
алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;
алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ac/bc=a/b,b≠0,c≠0 ;
Сабақ мақсаттары: Оқушыларда алгебралық бөлшектер ұғымы туралы білімді қалыптастыру және олардың негізгі қасиеттерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.
3.Үй жұмысын тексеру (Үйге берген тапсырмалардың жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі және оқушылар жұптарымен дәптерлерін алмастырып, бір-бірін тексереді және бағалайды).
Жауабы:
1 – 6 2 – 7 3 – 1 4 – 5 5 – 2 6 – 3 7 – 4
4. «Миға шабуыл» Сұрақ белгісінің орнына керек фигураны қойыңыз? Жауабы : +
5. Тапсырма орындау
Берілген өрнектердің ішінен алгебралық бөлшектерді табыңыз.
Қ А Б Й Ң Ы Д Т Ы Е
3/x (2x+1)/y x+4/5 (7∙(a+4))/(b-1) 2y/21x (5+x)/13x 6k/(x-1) 6x/21+3y/7 9/14m (5+x)/13

Дұрыс жауабы: ҚАЙЫҢДЫ
Қайыңды көлі - Қайыңды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған. Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді.

6. Жаңа тақырып.
Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, мысалдарды оқушылармен талдайды.
Анықтама:
Айнымалының мүмкін мәндері- өрнектің мағынасы болатындай айнымалының мәндері. Ал өрнектің мағынасы болмайтын айнымалының мәндері айнымалының мүмкін болмайтын мәндері деп аталады.
Мүмкін мәндер жиыны (ММЖ) деп белгілі өрнек үшін айнымалының мүмкін мәндерінің жиынын айтады.
Мысал 1. Алгебралық бөлшектің x=-1 болғандағы мәнін табыңыздар:
(2x+5)/(x(x+2))=(2(-1)+5)/(-1(-1+2))=3/(-1)=-3
Жауабы: -3
Мысал 2. Алгебралық бөлшектің x=4 болғандағы мәнін табыңыздар:
(3x-1)/(x+4)=(3*4-1)/(4+4)=11/8=1 3/8
Жауабы:1 3/8

Мысал 3. Алгебралық бөлшектің x=2 болғандағы мәнін табыңыздар:
(5x+7)/(x(x-2))=(5*2+7)/(2(2-2))=17/(2*0)=17/0=∅
Жауабы: шешімі жоқ

Оқушылардан мысалдардағы алгебралық өрнектердің мүмкін болатын мәндерін анықтауды сұрау қажет.
Анықтама енгізілгеннен кейін оқушылардан алгебралық бөлшектердің негізгі қасиетін жай бөлшектердің негізгі қасиеті арқылы тұжырымдауды сұралады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерді бөлу 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіру 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 2-сабақ 7 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]