Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар  (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Төртбұрыштар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: параллелограмм анықтамасын білу;
параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;
трапеция анықтамаларын, түрлерін және қасиеттерін білу;
трапецияның орта сызығының қасиеттерін дәлелдеу және қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- төртбұрыштың түрлерін біледі және олардың қасиеттерін қорытып шығарады;
- төртбұрыштардың белгілері мен қасиеттерін есеп шығарғанда қолданады.

I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады.

2. Бақылау жұмысы №2
1- нұсқа.
1.АВСД тіктөртбұрышында АВ=5 см, диагональдарының қосындысы 20 см. ∠АОВ-ны табыңыз.
2. АВСД квадратының АС диагоналында АМ және СN тең кесінділері өлшеп салынған.
ВNДM ромб екендігін дәлелдеңдер.
3. АВСД тіктөртбұрышының АС диагоналының созындысында АМ және СК тең кесінділері өлшеп салынған. Дәлелдеңдер:
а)АМД және СКВ үшбұрыштарының тең екендігін;
б) МДКВ төртбұрышының параллелограмм екендігін.
4. Бұрыштары тең, ал диагональдары перпендикуляр болатын параллелограмм квадрат болатынын дәлелде.
2- нұсқа.
1.АВСД тіктөртбұрышында АВ=5 см, диагональдарының қосындысы 30 см. ∠АОВ-ны табыңыз.
2. АВСД квадратының АС диагоналының созындысында АМ және СN тең кесінділері өлшеп салынған. ВNДM ромб екендігін дәлелдеңдер.
3. MNPQ параллелограмының M және N бұрыштарының биссектрисалары NР және MQ қабырғаларын сәйкес А және В нүктелерінде қияды. Дәлелдеңдер:
а) МА және РВ кесінділері тең екендігін;
б) MNРQ параллелограмының периметрін есептеңдер, егер NA=AP, AB=12 см болса.
4. Қабырғалары мен диагональдары тең болатын параллелограмм квадрат болатынын дәлелде.
3. Сабақты қорытындылау.
4. Үйге тапсырма. 1-нұсқаға-2 нұсқа және керісінше.

II. Білімді өзектендіру.
Терминологиямен ауызша жұмыс.
Оқушылар жұпта бір-біріне терминдерді үш тілде айтып, өздерін презентация бойынша тексереді. Олар 4-слайдта берілген сөздерді үштігін атаулары қажет. Берілген сөздерді қолданып, төртбұрыштардың түрлерін ажыратып, қасиеттерін атайды.

Бұрыш Угол Angle
диагональ диагональ diagonal
Қаққа бөлуші делящий пополам bisect
Параллель түзулер Параллельные прямые Parallel lines
Көпбұрыш Многоугольник polygon
Төртбұрыш Четырехугольник quadrangle; square
Тіктөртбұрыш прямоугольник rectangle
ромб ромб rhombus
III. Қайталау сабағы
https://bilimland.kz/kk/ сілтеме бойынша төртбұрыштардың анықтамасы мен қасиеттерін естеріне түсіреді.
- параллелограмм анықтамасы;
- параллелограмм қасиеттерін және белгілерін қорытып шығару және қолдану;
- тіктөртбұрыш, ромб, шаршы және трапеция анықтамаларын білу, олардың түрлерін және қасиеттерін білу;
- трапецияның орта сызығының қасиеттерін дәлелдеу және қолдану......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Төртбұрыштар. Есептер шығару. (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Аудандар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 3-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көпбұрыштардың аудандарын қайталау. Есеп шығару. 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Төртбұрыштар 8 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Төртбұрыштар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]