Сабақ жоспары (ұмж): Шеңбердің теңдеуі 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Шеңбердің теңдеуі 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін
〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 білу;
8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуі 〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 түрінде болатынын түсінеді;
берілген теңдеуі бойынша шеңберді салуды және шеңбердің центрі мен радиусын анықтауды үйренеді.

Сабақты белсендендіру.
Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды тығырыққа тірейтін түрлендірілген сұрақтар қоюға тырысыңыз.
Оқушылармен біріге отырып оқу мақсаиттарын белгілеп, оған жетудің критерийлерімен тансытыру.
Қайталау
Шеңбер тақырыбына байланысты сұрақтар
Базалық білімді белсендендіру.
Жекелеме жұмыс. Өткен материалды бекіту және бағалау үшін оқушыларға «Қосымша 1» үлестірмесін тарату. Әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
Қосымша 1
№ 1. А(2; 0), В(-2; 6) нүктелері берілген. АВ диаметрі болатын шеңбердің теңдеуін табыңыз.
Жауап: x2 + (y-3)2 = 13.
№ 2. А(2; 2), В(5; 6) нүктелері берілген. АВ диаметрі болатын шеңбердің теңдеуін табыңыз. Жауап: (x-3,5)2 + (y-4)2 = 25.
№ 3. Центрі O(1, 2) нүктесі болатын абсцисса осін жанап өтетін шеңбердің теңдеуін жазыңыз.
Жауап: (x-1)2 + (y-2)2 = 4.

Жұмысты орындап болғанннан соң парталас отырғандар дәптерлерін өзара алмасып, бірінің жұмысын екіншісі тексереді. Бірін бірі тексеру тақтада көрсетілген жауаптар бойынша жүзеге асырылады. Көпшілік оқушылар қателескен есептерді тақтада талдау.
Сыныппен жұмыс. Өткен сабақта өткен негізгі формулалар мен ережелерді қолданып, есептеер шығару.
Есеп шығару барысында «Белсенді сынып» «дәсән қолдануға болады. Тақтаға үш оқушыны шақырып, өз нөмірлеріне сәйкес есептерді шығаруын ұсыныңыз.
Қосымша 2
«Белсенді сынып» ойыны
№ 1. Координаталар басы центрі болып табылатын шеңбер P(8; 6) нүктесін басып өтеді. Радиусын табыңыз.
Шешуі:

Радиусты Пифагор теоремасы бойынша тауып алуға болады.
OP2 = 82 + 62; OP2 = 100; OP = 10.
Жауап: R= 10.
№ 2. Диаметрі MN болатын шеңбер теңдеуін жазыңыз, егер:
а) М (-3; 5), N(7; -3); б) М(2; -1), N(4; 3) болса.
Жауап: а) (x-2)2 + (y-1)2 = 41. б) (х-3)2+(у-1)2=5.
№ 3. Шеңбер теңдеуі берілген: x2+y2=400.
А) Шеңбер бойындағы абсциссасы −20 болатын нүктенің ординатасын табыңыз.
Б) Шеңбер бойындағы ординатасы −20 болатын нүктенің абсциссасын табыңыз.
№ 4. Шеңбер центрінің ккординаталары C(5;2). Осышеңбердің тңдеуін жазыңыз, егер:
1. шеңбер Ox осін жанайтын болса;
2. шеңбер Oy осін жанайтын болса ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Шеңбердің теңдеуі 4-сабақ 8 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Шеңбердің теңдеуі 4-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]