Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық практикум. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық практикум. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақтың тақырыбы: Физикалық практикум. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау.
Осы сабақта қол жеткізілетін (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.4 – тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізу;
электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтауды үйрену.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
Құрал-жабдықтарды қолданып өлшеулер жүргізу;
Есептеу формулаларын қолданып есептеулер жүргізу;
Тәжірибенің нәтижелерін қорытындылау

Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың мақсат,міндеттерімен таныстыру.
Қайталау сұрақтары:
1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Электр тогының пайда болу шарттары қандай?
3.Ток күші дегеніміз не?
4.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай жазылады?
5.Электрлік кедергі дегеніміз не?
6.Өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын жазыңыз.
7.Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын жазыңыз.
8.Токтың жұмысы дегеніміз не?
9.Электр тогының энергиясын қалай есептейміз?
10.Қыздырғыштың ПӘК қандай формуламен есептейміз?

Физикалық практикум №1
«Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау»

Мақсаты: Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар: термометр, сағат, калориметр, ток көзі, кілт, қыздырғыш үшін қуаты белгілі спираль сым, жалғағыш сымдар, су, таразы, амперметр.
Теориялық түсінік
Қыздырғышы бар қондырғының пайдалы әсер коэффициенті деп қыздырылған судың ішкі энергиясының өсуінің электр қыздырғыш элементі бөлген электр энергиясына қатынасына тең шаманы айтамыз. Суды қыздыру барысында энергияның пайдалы шығыны жүзеге асады, сонымен қатар ыдысты және қоршаған ортаны жылытуға жұмсалады.
ПӘК=Апайдалы/ Атолық
Суды қыздыруға жұмсалған жылу мөлшерін есептеу формуласы:
Aпайдалы = Q = cm(t2-t1)
Электр тогының энергиясын есептеу формуласы:
Aтолық= Aэл= Pt .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші,сол қол ережесі 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампердің күші. Электр өлшеуіш құралдар, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі. №1 лаборатория «Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау» (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қол ережесі 2-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Магнитті-резонанстық томография 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Физикалық практикум Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Физикалық практикум Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін анықтау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]