Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрiсi
Сабақ тақырыбы: Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: • электр өлшегіш құралдардың классификациясын білу
• электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
• электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру.

І. Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалыққа, сынып оқушыларының сабаққа қатысымына назар аудару
Үй тапсырмасын сұрау мақсатындат оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Магнит өрісінің электр өрісінен айырмашылығы неде?
2. Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?
3. Магниттің полюстері туралы не білеміз?
4. Ампер күші дегеніміз қандай күш?
5. Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?
6. Бұранда ережесі мен сол қол ережесін пайдаланып, параллель токтардың бір бағытта тартылатынын, ал қарама қарсы бағытта өтсе, тебілетінін қалай дәлелдеуге болады?
7. Магнит индукция векторының физикалық мағынасы қандай?
1-тапсырма: Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсету. Осы кезеңде жұптық бағалау жүргізіледі.
Слайдта көрсетілген электр құралдары бойынша оқушылар құралдарды анықтайды. Сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін құрады. Кейін шағын топтарға бірігіп, құралдың жұмыс істеу принципін талқылайды.
2-тапсырма
1-топ. Вольтметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
2-топ. Амперметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
3-топ. Омметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
4-топ. Ваттметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
Оқушылар топта талқылап, кейін басқа топ оқушыларына жұмыстарын қорғап, қорытынды жасайды.
Осы кезде топтық бағалау жүзеге асырылады.
Демонстрация. Мұғалім оқушылармен трансформатордың жұмыс істеу принципін талқылайды.Эксперимент жүргізу. Трансформатор туралы шағын видео көрсетіледі
1.Төмендеткіш трансформатор.
2.Жоғарылатқыш трансформатор
Электр энергиясының қашықтыққа тасымалдануы. Оқушылардың ойлары тындалады және қосымша материал таратылады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші,сол қол ережесі 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қол ережесі 2-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампердің күші. Электр өлшеуіш құралдар, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі. №1 лаборатория «Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау» (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампердің күші. №1 лаборатория «Ағымдағы магнит өрісін бақылау» (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ампер күші, сол қол ережесі 3-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ампер күші сол қолы ережесі 4-сабақ 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Ампер күші сол қолы ережесі 4-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]