Сабақ жоспары (ұмж): Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
- жазықпараллель шыны пластинада сынған жарық сәулесініӊ жүрісін сыза білу;
- үшбұрышты шыны призма арқылы өткен жарықтыӊ жүрісін сыза білу;
- жарықтыӊ сыну заӊын қолданып есеп шығару;
- жарықтыӊ сыну заӊын қолданатын мысалдар келтіру.

1. Ой қозғау.
1) Жарықтыӊ сынуы дегеніміз не?
2) Жарықтыӊ сынуы неліктен болады?
Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оларға кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.
2. Түсіндіру. Мұғалім ссылканы қолданып сыну құбылысын демонстрациялайды. Ал оқушылар тәжірибе нәтижесіне қорытынды жасайды

3.Өздік жұмыс. Оқушылар шыны блокты алып оған жарық шоғын бағыттайды.Жарық сәулесінің жүрісін бақылайды және сызады.
Жарық сәулесін әр түрлі бұрышпен түсіріп сыну бұрышының түсу бұрышына тәуелділігін зертейді.
Сыну заңын тұжырымдайды.
-түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
-Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама

4. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін есептерді сыну заңын қолданып шығарады және өзін-өзі тексереді.

1. Түсу бұрышы: , ал сыну бұрышы . Ортаның сыну көрсеткішін анықтаңдар.

2. бұрыш жасай түскен сәуле оптикалық тығыздығы көбірек ортаға өтеді. Егер берілген ортаның бірінде жарық жылдамдығы 1,2 есе үлкен болса, сыну бұрышы неге тең?

3. Жарық сәулесі ауадан сыну көрсеткіші шыныға өтеді. Түсу бұрышы қандай болғанда шағылған сәуле сынған сәулеге перпендикуляр болады.

4. Егер шағылған сәуле сынған сәулеге перпендикуляр болса, ауадан су бетіне түскен сәуленің сыну бұрышын табыңдар. ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Сыну туралы дәйектер. Шын және көрінетін тереӊдік. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың түзу сызықты таралу заңы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары тақырыбына есептер шығару (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жұқа линзалар. Линзада кескін алу. 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ 8 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Шыны блоктар арқылы өткен жарықты зерттеу. Жарықтыӊ сыну заӊы. 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]