Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі. Ғаламшарлар. Күн жүйесінің басқа денелері. (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі. Ғаламшарлар. Күн жүйесінің басқа денелері. (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарыш және Жер
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі. Ғаламшарлар. Күн жүйесінің басқа денелері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Күн жүйесінің құрылымын, құрылысын сипаттау
• Күн жүйесіндегі денелер қозғалысының көзқарасынан күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру
• Күнді айналып қозғалатын ғаламшарлардың қозғалысымен және орбита жазықтығына қатысты Жердің айналу осінің көлбеуі арқылы жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: • Күн жүйесінің құрылымын, құрылысын сипаттау
• Күн жүйесіндегі денелер қозғалысының көзқарасынан күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру
• Күнді айналып қозғалатын ғаламшарлардың қозғалысымен және орбита жазықтығына қатысты Жердің айналу осінің көлбеуі арқылы жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіру.

(W) Сыныппен жұмыс. Ғарыш кеңістігін зерттеу
Алғашқы жасанды серік 1957 жылы 4 қазанда Байқоңырдан сәтті ұшырылды.
Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшқан адамзат болды. Ол осы ғарыш айлағынан 1961 жылы 12 сәуірде «Восток-1» ғарышкемесімен ұшырылды.

• Не себепті біз ғарышты зерттейтіндігімізді ойланыңыздар.
• Бұндай зерттеулерге қаражат шығындаудың қажеттілігі бар ма?

(I)(f) Жеке жұмыс.
Сабақты оқушылардың Күн жүйесі туралы білімдерін анықтау үшін сұрақтар қоюдан бастау.
• Күн жүйесі ортасында Күн және оны айналған сегіз ғаламшар мен астероидтар белдеуінен тұрады. Бұл аспан денелерінің бір-бірінен айырмашылықтары бар?

(W) Сыныппен жұмыс. Твиг видеокөріністер
Күн жүйесі туралы бейнематериал көрсетіп, осы бейнематериалдан көргенін талқылауды ұсыныңыз.

Бейнематериалды жұпта талқылау.

(I)(f) Жұптық жұмыс. Күн жүйесі ғаламшарлары.
Оқушылардан күн жүйесіндегі ғаламшарлардың Меркурийден бастап орналасу ретін есте сақтау әдісін қазақ, ағылшын тілінде ойлап табуын сұрау.

Сен білесің бе?
Біздің күн жүйеміздегі қызықты мәліметтерді интернеттен табу және оны презентация немесе мәтін түрінде басқа жұптарға таныстыру.


(G) Топтық жұмыс.
Оқушылар ойын түрінде келесі уақыт кезеңдерге бөлінуін анықтайды: сағат, күн, ай, жыл.
Топтарға мынадай тапсырмалар:
а) 1-ші топқа тапсырма- Күн бетіндегі нүктенің 27 тәулікте бір айналым жасауын көрсету;
b) 2-ші топқа тапсырма- Жердің өз осінен 24 сағатта бір айналым жасауын көрсету;
с) 3-ші топқа тапсырма- Жердің орбитасы бойымен Күнді айналып қозғалуын көрсету;
d) 4-топқа тапсырма: Айдың Жерді айналып қозғалуын көрсету......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары 1-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Күн жүйесі Ғаламшарлар Күн жүйесінің басқа денелері 7 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Күн жүйесі Ғаламшарлар Күн жүйесінің басқа денелері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]