Сабақ жоспары (ұмж): Масса және дененің массасын өлшеу (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Масса және дененің массасын өлшеу (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті
Сабақ тақырыбы: Масса және дененің массасын өлшеу
Сабақтың оқу мақсаттары: таразылардың (электронды,серіппелі, рычагты) көмегімен дененің массасын өлшеу;
туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату.

(Т) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сыныптың сабаққа даярлығын тексереді.
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады.

Негізгі міндет дененің массасын иінді таразымен өлшеуді үйрену.
(Т/D) Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында мәселе қойылады.
Демонстрация: Ілінген бөтелкелерді қағаз парағының көмегімен орнынан қозғалту керек.
Сұрақ: Неге бөтелкелердің бірін орнынан қозғалта алмадық?
Жұппен талқылау. Оқушылардың әрбір жұбының жауабы. Жауап нұсқалары тақтаға жазылады.

1. Демонстрация. Үй таразылары (серіппелі таразы).
Сұрақ: Бұл зат күнделікті өмірде не үшін қолданылады? Біз оның көмегімен нені білеміз? Осындай таразылардың көмегімен массаны қалай анықтайды?
Мүмкін, соңғы сұраққа барлығы жауап бере алмайтын шығар, ал егер оқушылардың біреуі білетін болса, сол оқушыдан оның қолдану тәсілін көрсетуін сұраңыз. Сұрақ қойыңыз: егер дене массасы осы таразы өлшей алатын шамадан асып кетсе не болар еді?

2. Демонстрация. Әсерлесу нәтижесінде дене жылдамдықтарының өзгеретіндігін және осы өзгеру шамасының әр денеде әр түрлі болатындығын екі арбашаның көмегімен демонстрациялау. Алдымен массалары бірдей арбашалар демонстрацияланады, сонан соң массалар әр түрлі арбашалармен демонстрация көрсетіледі. Нәтижелерін салыстырады.
Сұрақ: Осы тәжірибенің негізінде қандай қорытынды жасауға болады?
1). Денелердің әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне алып келеді.
2). Әсерлесуден кейін денелердің алатын жылдамдықтары олардың массаларына байланысты болады.
3). Әсерлесуге байланысты олардың массалары туралы болжам жасауға болады.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Зертханалық жұмыс "Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу" (Физика, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді жинау және тіркеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ және жүйелік қателіктер (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Масса және дененің массасын өлшеу 7 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Масса және дененің массасын өлшеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]