Сабақ жоспары (ұмж): Поликонденсация. Нейлон, лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Поликонденсация. Нейлон, лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Синтетикалық полимерлер (Пластмассалар)
Сабақ тақырыбы: Поликонденсация. Нейлон, лавсан. Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.36 полимерлену мен поликонденсация реакциялары арасындағы негізгі айырмашылықтарды түсіну;
10.4.3.37 пластиктің қолданыс мерзімінің ұзақ екендігін және оның қоршаған ортаға тигізетін салдарларын білу;
10.4.3.38 қоршаған орта проблемаларын био-ыдыраушы пластиктер және пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жолымен шешу мүмкіндігін түсіну
Сабақ мақсаттары: - полимерлену мен поликонденсация реакцияларын ажырата білу
- пластиктің қолданыс мерзімінің ұзақ екендігін және оның қоршаған ортаға тигізетін салдарларын анықтау
- пластиктерді қайта өңдеп пайдаға асыру жодарын ұсыну.

Белсендіру: Химиялық лабиринтті шешу.
Жауаптарын тексеру презентация бойынша
Жеке жұмыс:Жұмыс парағы өзіндік жұмыс орындау.Жұмыс парағын орындау барысында полимерлену және поликонденсациялану реакцияларының арасындағы айырмашылықты анықтау керек.Қорытынды жасап анықтамасын дәптерге жазады. Қажет болған жағдайда өткен сабақта таратылған мәтінді қолдануға болады.
Оқушылар өзара бағалау арқылы кері байланыс береді.
Дискриптор:
1.Полимерлердің блок сызба түрінде құрылымдық формуласын дұрыс жазады.
2. Поликонденсация реакцияларының теңдеулерін жаза алады.
3. Полимерлену мен поликонденсация реакциялары бойынша Венн диаграммасын толтырады.

Қызығушылықтарын арттыру үшін TwigBilim нейлонның ойлап табылуын көреді.
Мәтін бойынша нейлон мен лавсанның қасиеттерімен танысып,реакция теңдеулерін түсіндіреді.
Дискриптор:
1.Нейлон мен лавсанның қасиеттерін анықтайды.
2.Поликонденсация реакциясы арқылы нейлон алынатынын біледі.
3.Этиленгликоль екі атомды спирт және екінегізді қышқыл терефтал қышқылдарын поликонденсациялау жолымен синтездеу арқылы лавсан алынуының реакция теңдеуін біледі.
Мұғалімнің кері байланысы.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсері. Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Полимерлену (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алкендер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Поликонденсация Нейлон лавсан Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу 10 сынып тарих, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Поликонденсация Нейлон лавсан Пластиктердің қоршаған ортаға әсері мен оларды қайта өңдеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]