Сабақ жоспары (ұмж): Спирттердің жіктелуі (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер
Сабақтың тақырыбы: Спирттердің жіктелуі
Оқу мақсаты: 10.4.2.25 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу;
Сабақтың мақсаты: Спирттерді гидроксил тобының санына байланысты, гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек радикалының табиғатына байланысты, гидроксил тобымен байланысқан көміртек атомының табиғатына байланысты жіктеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Ой қозғау.
Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетіпті. Патша сол дәнді алып, уәзірлеріне беріп еккізеді. Дән өсімдік болып жайқалып шығады. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі.Үш-төрт жылдан кейін өсімдік жеміс береді. Елдің бәрі таң қалады. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Содан соң патшаның әмірімен жемісті ыдысқа салып қояды. Біраз күннен кейін ыдыстағы жеміс көпіреді. Одан мөлдір сұйық пайда болады. Уәзірлер сұйықтықты алып патшаға көрсетеді. Патша сұйықтықты бір тұтқынға ішкізуді бұйырады. Тұтқын бір кесе ішеді, ешнәрсе болмайды, екіншісін береді.Үшіншісін тұтқын өзі сұрап ішеді. Біраздан кейін ән салады, бей-жай күйге түседі. Ең соңында тұтқын патшаның тағын сұрап әлек салады. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Сонда бұл не болғаны?
Ертегідегі жұмбақтың шешу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстыру
Құрамында –ОН тобы бар көмірсутек туындылары
Спирттер
Спирттердің жіктелуі, молекулаларының құрылымдары туралы түсінік беру
Спирттер – құрамында sp3-гибридтелген көміртек атомына байланысқан кем дегенде бір функционалды –OH гидроксил тобы бар органикалық қосылыстар.
Көміртек радикалымен байланысқан (R–), молекуласында бір гидроксил тобы бар спирттерді біратомды спирттер деп атайды. Спирттердің жалпы формуласы – ROH.
Молекуласында бір гидроксил тобы бар, көмірсутек радикалымен байланысқан спирттерді бір атомды дейді.
Егер көміртек молекуласында гидроксил тобымен екі сутек атомы алмасса, онда оларды екі атомды спирттер дейді, ең қарапайым өкілі этиленгликоль (1,2-этандиол):
CH2(OH) – CH2(OH).
Көптеген көп атомды спирттерде гидроксил тобы әртүрлі көміртекте болады.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Спирттер. Спирттердің химиялық қасиеттерін қайталау (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): № 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Спирттердің химиялық қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Алкогольдің адам ағзасына әсері. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз: