Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсутекті отындар. (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсутекті отындар. (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: Көмірсутекті отындар
Оқыту мақсаты: 9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары:құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу
альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
Қазақстандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау картадан бейнелеу
Қазақстандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығы тексеріледі және позитивті атмосфера қалыптастырылады.

Сабақтың тақырыбы:
Оқушыларды бірнеше топқа бөлу (беске) . тақтада түрлі түсті қағаздар жабыстырылған. Оқушылар қағаздарды алып ол жердегі тақырыптар бойынша бөлінеді. (альтернативі отын (сутек және күн энергиясы), мұнай, табиғи газ, көмір және альтернативі отын(жел, су).

Топтарға әр түрлі суреттер таратылады, сол суреттен қажетті суреттерді таңдап алынады.
Мұғалімнің ескертпесі: бүгінгі сабаққа қажетті деп санайтын суреттерді бөліп алыңыздар.
Суретті таңдағаннан кейін не үшін таңдағандарын қысқаша айтып кетеді.
Тақырып тақтадан көрсетіледі.
Сабақтың мақсатын ашу: топтардан осы суреттер бойынша сабаққа қандай мақсаттар қоюға болатындығын сұрастыру.
Мұғалімнің ескертпесі: бүгінгі сабақта неге көп мән беруіміз керек, нені білуіміз қажет.
Тақтадан жинақталған сабақ мақсаты көрсетіледі.
Интерактивті тақтада көрсетілген сабақтың бағалау критерийлерін талқылау

Топтық жұмыс:
Оқушыларға өздерінің топтарының аттарына байланысты қысқаша мәліметтер таратылады немесе ноутбук беріліп интернеттен мәліметтер қарау үшін рұқсат беріледі.

o Қазақстанның қай өңірінде кездеседі
o Қандай салада қолданылады
o Артықшылықтары
o Кемшіліктері (қоршаған ортаға әсері)
o Картадан бейнелеу (белгілеу)
Топтарға өздерінің мәліметтерін жазып алуға кесте таратылады. Өздерінің қарастырған мәліметтерді кестеге толтырады. Уақытты белгілейді. 10 минут. Мұғалім аралап жүріп оқушыларды тақырыптан ауытқып кетпеуін қадағалайды.қажеттік туындаса бағыт береді. Жергілікті жердің кен орындарына ерекше назар аудару керек

Әр топ өзінің тақырыбы үшін кемдегенде үш сұрақ дайындайды.

Сынып тақырыптарын толық қарастырып болғаннан кейін топты қайта бөлу. Қағаздарының түстеріне қарай бөлінеді (қайтадан топтасу, әр топтан бір оқушы шығу керек, жаңа топта бес топтың оқушыларынан бір бірден болуы қажет)

Әртүрлі отынның тиімділігін салыстыру. Қазба отынның қоры шектеулі екенін түсіну. Қазбалы отынды жағу барысында шығарылатын көміртегі қостотығы жахандық жылынудың ең ірі салымы - жылыжай газдарына алып келетінін қарастыру.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Мұнай. (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Мұнай және мұнай өнімдері» (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Еріткіштерді алу мақсатында алкандардың жану және хлорлау реакцияларын қолдану (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көміртек және оның қосылыстары (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Көмірсутекті отындар 9 сынып тарих, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Көмірсутекті отындар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]