Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсулар
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.3.29 Көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: - көмірсудың анықтамасын білу;
- көмірсудың жіктелуін білу
- көмірсулардың қасиеттері мен қызметтерін түсіну;
- ағзадағы көмірсудың маңызын түсіну;
- крахмал мен глюкоза молеклаларының моделін құрастыра білу;
- көмірсу түрлерін ажырата білу.

Сабақтың басы:
Ұйымдастыру. Ынтымақтастыру атмосферасын құру.
Сабақтың тақырыбын ашу.
Мұғалім крахмалға сапалық реакция тәжірибесін көрсетеді. Шикі картоп кесегіне тамызғышпен йод ерітіндісін тамызады. Картоп беті көк түске боялады.
Мұғалім сұрақ қояды: неліктен йод қоңыр түсті болғанымен, картоп көк түске боялды?
Оқушыларға ойлануға және өз жауаптарын жұптарымен талқылауға 1 минуттай уақыт береді. Бірнеше оқушыдан жауабын сұрайды.
Талқылауды миға шабуыл түрінде жүргізуге болады.
Талқылаудан кейін сабақтың тақырыбына көшеді:
Тірі жасуша құрамында қандай органикалық заттар болады?
Тірі жасушаның қандай органикалық заттарымен таныссыңдар?
Спортшылар, өздерінің дене бітімі мен салмағына көңіл бөлетін адамдар әсіресе қандай заттарға ерекше көңіл бөледі?
Күнделікті өмірде көмірсуларды қандай тағамдар құрамынан кездестіреміз? Күнделікті өмірде көмірсуларды қандай тағамдар құрамынан кездестіреміз?

Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындайды.
Топпен жұмыс
Оқушылар 3 топқа жіктеледі. Әр топқа ресурстар беріледі. Барлығына қойылатын талап: берілген құрал жабдықтар мен ресурстарды пайдаланып не жасайтындарын ойлану қажет. Және қандай мақсатта жасалатыны талқыланады.
1. Қант, шырпы, қаңылтыр ыдыс. (Біраз қантты қаңылтыр ыдысқа салып, ол тұтанғанша қыздырып, қантты біраз күйдіру жұмысын орындау қажет).
 Оқушылар дұрыс тұрып, қауіпсіз, қорғаныс немесе сорып шығатын шкафты пайдаланғандарына көз жеткізіңіз – қант жоғары температураға дейін көтеріледі.
2. Қант, су, крахмал (крахмал мен қанттың судағы ерігіштік қабілеттерін салыстырады).
(D) (T) Сыныппен қанттан бөлініп шыққан энергия мөлшерінің маңыздылығын талқылап, көмірсулардың негізгі қызметі денені энергиямен қамтамасыз ету болып табылатындығы туралы түсініктер дамытылады.
Глюкозаның жануын көрсететін бейнежазбаны көрсету
Жеке жұмыс.
Оқушыларға көмірсулардың бірнеше қасиеттері мен қызметтерін зерттейді. Оқушыларға мәтін үлестіріледі. Оқушылар көмірсулар жайлы ақпараттармен танысып, «Көмірсулар» тақырыбына кесте толтырады.
Оқушылар кесте толтырып болған соң, қатар отырған екі оқушы жұмыстарын ауыстырып, тақтадағы дайын жауаппен бірін - бірі тексереді.

Көмірсулар Өкілдері Кездесетінжері Қасиеті.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулардың жіктелуі. Химиялық құрылым. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Оттекті органикалық қосылыстар. Спирттер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Көмірсулар 9 сынып тарих, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Көмірсулар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]