Сабақ жоспары (ұмж): Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су
Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру
8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
Сабақ мақсаттары:
судың құрамы мен құрылысын айқындайды;
судың бірегей қасиеттері мен оның өмір үшін маңызын байланыстырады;
судың табиғаттағы айналымын сипаттайды.

Ұйымдастыру.
І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін суреттер реті көрсетіледі.
Оқушылар өз ойларымен бөліскеннен кейін сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады.

Жеке жұмыс: Оқушылар судың құрамы жайлы білімдерін жаңа тақырыппен байланыстыру үшін бейнематериалды тамашалайды және жауап парағындағы ‘Missing gap’ тапсырмасын орындайды, яғни бос орындарды кілт сөздермен толықтырады.

Өзін-өзі бағалау: Оқушылар презентацияда көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өздерін бағалайды.

Жұптық жұмыс
Оқушылар жұпта судың физикалық қасиеттерін сипаттайтын кестені толтырады және жұптар өзге жұптармен өз жауаптарын тексереді.

Топтық жұмыс
Оқушыларды үш топқа бөліңіз, әр топқа жеке зерттеу жұмысын беріңіз. Оқушылар бұрын оқыған білімдерінің негізінде өздеріне берілген тақырып бойынша «судың мұндай қасиеттке ие болуының себебін және оның тіршілік үшін маңызын түсіндіріру» үшін постер дайындайды.
1-топ суда жүзіп жүрген мұз бөлшектерінің әрекетін бақылау;
2-топ судың қайнау нүктесін анықтау;
3-топ су ағынының магнит өрісіне әсерін бақылау

Топтар өз постерлерін қорғайды, мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін пысықтайды.

Сынып жұмысы:
Оқушыларға судың агрегаттық күйлерінің физикалық үдерістерін еске түсіруді ұсыныңыз. Осы білімдеріне сүйене отырып, оқушылар мүмкіндігінше түсті анимациялық нұсқаларды қолданып табиғаттағы су айналымын түсіндіреді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Табиғаттағы су (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Судың кермектігі (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын түсіндіру 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Судың биологиялық қасиеттері мен маңызы (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Судың ластану себептері. Судың кермектілігі. Зертханалық жұмыс №10 «Судың кермектілігін анықтау» (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Судың құрамы қасиеттері қолданылуы 8 сынып тарих, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Судың құрамы қасиеттері қолданылуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]