Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның пайдалы қазбалары (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанның пайдалы қазбалары (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Геологиялық химиялық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстарға бай екендігін және олардың қайда екендігін және қалай игерілетіндігін білу
Сабақ мақсаттары: Адам ағзасының пайыздық құрамын қайталау
«Пайдалы қазбалар» түсінігін тұжырымдау
Қазақстанның бірнеше маңызды қазбалы ресурстарына мысал келтіру
Мұнай, газ, көмір және металдардың кен орындарын Қазақстанның картасына белгілеу.

Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыпастыру

Өзектендіру.
Оқушыларға адам құрамына кіретін бірнеше элементтер және олардың пайыздық мөлшері көрсетіледі. Оқушылар дұрыс комбинацияларын анықтап, өз жауаптарын презентациядағы әрекеттермен көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын көрсету. Жетістік критерийлерін талқылау.
Топтарға бөлу. Оқушылар ретімен санайды: бірінші, екінші, үшінші және т.с.с топ санына қарай. Топтар санау ретіне сай жинақталады.
Проблемалық сұрақ орнату. «Пайдалы қазбалар терминын қалай түсінесіздер? Осы терминге жер қыртысында кездесетін барлық қосылыстарды жатқызуға бола ма? Қазақстанда кездесетін пайдалы қазба түріне мысал келтіріңіз». Оқушылар сұрақтарды топта 2минут бойы талқылайды, содан соң түрінде өз жауаптарын таныстырады. Әрбір қорғалған топ сыныстаптарымен бағаланады (мысалы, шапалақтау немесе белгі карточкалары көмегімен). Қалаған оқушылар кері байланыс береді. Барлық топтар тыңдалған соң мұғалім тапсырма бойынша кері байланыс береді.
Пайдалы қазба терминіне жалпы анықтама құрылады.


Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға белгілі бір пайдалы қазба түрлеріне байланысты мәтіндер таратылады. Оларға оқушылар түрлі-түсті маркерлермен алдын-ала берілген элементтердің маңыздылығы мен кен орындарын белгілеп отырады.

Оқушыларға Қазақстанның контурлы карталары таратылады. Онда әр оқушы мәтін бойынша тіркеген ақпараттарын белгілейді. Содан соң мәтіндер сағат тілі бағытымен беріледі және тағы да контурлы картамен жұмыс жасалады. Барлық оқушы өзінің ақпаратын енгізіп болғанша осы қадам қайталанады.
Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазблары көрсетілген дайын карталар таратылады. Олар өздерінің енгізген мәліметтерін дайын картадағы мәліметтермен салыстырады.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адам ағзасының химиялық элементтері (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Минералды ресурстарды өндіру және өңдеу орталықтары №1 (9 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары №1 (9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кен орындарынан металдарды алу (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Қазақстанның пайдалы қазбалары 7 сынып тарих, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Қазақстанның пайдалы қазбалары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]