Сабақ жоспары (ұмж): Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсу мен даму
Сабақтың тақырыбы: Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.3.3 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен есірткілер әсерінің салдарын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: - адам ұрығының дамуына темекінің әсерін сипаттау;
- адам ұрығының дамуына ішімдіктің әсерін сипаттау;
- адам ұрығының дамуына есірткі заттарының әсерін сипаттау;
1. (С) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу
2. (Д) Мұғалім оқушыларға есірткінің адам эмбрионының дамуына әсері туралы бейнежазбаны ұсынады. Алдын ала оқушыларға бейнероликтің негізгі идеясы туралы ойлануға тиіс екендігі хабарланады.
3. (С) Содан кейін негізгі идеяларды талқылау жүргізіледі. Келесі сұрақтар бойынша қосымша әңгімелесу өткізіледі:
1) адам эмбрионының дамуына есірткіден басқа қандай факторлар әсер етеді?
2) неге әрбір адамға адам эмбрионының дамуына осы факторлардың әсер ету салдары туралы білу қажет?
3) осы мәселе бойынша қосымша ақпарат алғыңыз келе ме?

4. (С) Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен бағалау критерийлерін тұжырымдау.
(С) Мұғалім оқушыларды темекі шегу, алкоголь және есірткі туралы суреттер арқылы 3 топқа бөледі.
(Т) топтарда оқушылар ішімдіктің, темекі шегудің және есірткі заттарының адам эмбрионының дамуына әсерін зерделейді және постерлер немесе ментальдық карталар әзірлейді.
1 – ші топ-темекі шегудің адам эмбрионының дамуына әсері
2 – ші топ-ішімдіктің адам эмбрионының дамуына әсері
3 – ші топ-есірткі заттарының адам эмбрионының дамуына әсері

Сабақтың өткізуі №1 технологиясы.
(шағын топтарда бір-бірін оқыту)
(Т) Топтар мәтінімен жұмыс істегеннен кейін әрқайсысында барлық үш топтың өкілдері болатындай етіп қайта бөлінеді. Содан кейін мұғалімдер командасы бойынша олар жазбалар мен графикалық материалды пайдалана отырып, өз сұрағын кезекпен түсіндіреді. Топта үш шағын тақырыпшаларды түсіндіріп, талқылап, барлығы өз орындарына оралып, тағы да үш шағын тақырыпшалардан тұратын жалпы тақырыпты талқылайды. Өзара оқытуға әрбір сөйлеушіге 2 минуттан артық емес уақыт беріледі.
(Т) Алдын ала берілген критерийлер жүйесі бойынша өзара бағалау жүргізіледі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Пайдалы қазбаларды игерудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін әсері. Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері (8 сынып, I тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Адамзат әрекетінің атмосфераға тигізетін кері әсері (8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Құрсақтағы даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы. 2-сабақ (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері (8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Шылым шегу есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері 9 сынып тарих, Биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Шылым шегу есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]