Сабақ жоспары (ұмж): Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.3 популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау
8.3.1.4 ағзалардың түрлі тірі қалу тәсілдерін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Популяцияның құрылымын сипаттау
Ағзалардың тірі қалу стратегияларын түсіндіру.
Сыныпқа Қазақстандағы шөл немесе жайылым сияқты мекен ортасы көрсетіледі. Осы мекен ету ортасындағы жануарлардың тірі қалу стратегиялары қандай болуы мүмкін екендігі жөніндегі ойлар талқыланады. Температураның өзгерісіне төзу, жыртқыштардан қорғану, су тапшылығына бейімделу жолдары туралы идеяларға тоқталуға болады.
Сонымен қатар екі мекен ортасынан екі түрлі популяцияны атауларын сұрап осы екі популяцияның қандай айырмашылықтары бар деп талқылау жүргізуге болады.
Талқылаудан соң мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлерін анықтап таныстырады.

Мұғалім популяция құрылымы мен қасиеттерін сипаттап шағын түсіндірме береді. Таныстырылымда түсіндіру кезінде оқушыларға сұрақтар қойып,и олардан мысалдар келтіруді сұрау арқылы белсенді әңгіме жүргізеді.

Оқушыларға тірі қалу стратегиялары туралы ақпаратпен танысу ұсынылады.
Мұғалім оқушыларды жұптарға немесе топтарға бөліп шығармашылық тапсырма орындау сұралады.
Ол үшін:
- жергілікті экожүйені таңдап алу
- таңдалып алынған экожүйеде кездесетін популяцияларды атау
- аталған популяциялардан екі түрлі мысалды таңдап алу
- Әр популяцияға сипаттама жазу
- Популяция дараларының тірі қалу стратегияларын мысалдар арқылы түсіндіру
- популяцияларды салыстыру
- жұмыс нәтижесімен сыныптастарын таныстыру....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Популяция. Ағзалардың тірі қалуы. 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы (Биология, 9 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Популяция Ағзалардың тірі қалуы 2-сабақ 8 сынып тарих, Биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Популяция Ағзалардың тірі қалуы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]