Сабақ жоспары (ұмж): Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. 1-сабақ  (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.2.1 тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру
8.2.1.1 жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру
Сабақтың мақсаттары: тірі ағзалар тіршілігіндегі митоз және мейоздың маңызын түсіндіру;
жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру.

Оқушылармен тірі ағзалардың тіршілік етуінің түпкі мақсаты неде сұрағы талқыланады. Әр тірі ағза өзінен кейін ұрпақ қалдыру арқылы жер бетіндегі тіршіліктің жалғасуын қамтамасыз етеді деген қорытынды шығарылады. Ендеше тірі ағзалар қалай көбейеді сұрағын қою арқылы жануарлардың жыныссыз және жынысты жолдармен көбейетініне назар аударылады. Жасуша қалай көбейеді сұрағы талқыланып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылып, бағалау критерийлері анықталады.
Сабақтың ортасы

Мұғалім таныстырылымның көмегімен митоз бен мейоздың маңызын түсіндіреді.
Оқушыларға митоз бен мейозбен бөлінетін жасушалардағы хромосома сандары бойынша моделдеп түсіндіру тапсырмасы ұсынылады.
Митозбен бөлінетін жасушада бастапқыда диплоидты жиынтық болады, ал мейозбен бөлінетін жасушада гаплоидты жиынтық болады. Мысалы, адам жасушалары алынса онда сомалық жасушада 46 хромосома, ал жыныстық жасушада 23 хромосома болуы тиіс. Оқушылар өз моделдерін пайдалана отырып митоз бен мейоздың ерекшеліктерін ауызша сипаттап түсіндіреді.

Мұғалім тиісті кері байланысты ұсынады.
Критерийлер:
митоз бен мейоз үдерістеріне анықтама беру;
митоз бен мейоздың маңызын түсіндіру; ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы. Жануарлардың көбею түрлері. 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею формалары (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею жолдары 2-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы Жануарлардың көбею түрлері 1-сабақ 8 сынып тарих, Биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Митоз бен мейоздың биологиялық маңызы Жануарлардың көбею түрлері 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]