Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің  вегетативті көбею тәсілдері (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері
Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар
• Өсімдіктердегі вегетативті көбеюдің түрлерін біледі.
• Өсімдіктерді қалемшелеп көбейте алады.
Кейбір оқушылар
• Өсімдіктердегі вегетативті көбеюдің түрлерін ажырата алады.
І Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу.
Шеңбер бойымен тұрғызылып, көңіл-күйлері сұралады.
- «1 минут» әдісін қолдану арқылы оқушылар қарама – қарсы тұрып, 1 минут ішінде өсімдіктердегі жыныссыз және жынысты көбею туралы ақпарат айтып шығады.
- «1 минут» әдісінен кейін оқушыларға бейнебаян көрсетіледі
Бейнебаян көрсетілімінен кейін оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Вегетативті мүшелер арқылы қандай өсімдіктерді көбейте аламыз?
2. Вегетативті мүшелер арқылы көбейтудің ерекшелігі қандай?
3. Вегетативті көбеейтудің қандай тәсілдері бар?
Оқушылармен бірлесе бүгінгі күннің оқу мақсатын анықтап, жетістік критерийлерімен танысады.

(Т) Оқушылар бір біріне өсімдіктердің қалай көбейетіні туралы айтып беруі керек. Сосын олар сыныпқа өз білімдерін көрсетіп, осы тақырыпты талқылайды.

Топтық жұмыс
Оқушылар топқа вегетативті көбею түрлері көрсетілген суреттерді (тамырсабақтар, қалемшелер, пиязшықтар, жапырақтар)
таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.

Топтық жұмысқа арналған критерий
• Өсімдік түрлерін анықтау
• Көбею тәсілінің ерекшелігін сипаттау
• Өсімдіктердің өсімді көбеюі туралы дұрыс қорытынды жазу

Топтық жұмысты бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы орындалады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдері. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың көбею формалары (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктегі жыныссыз және жынысты көбеюін сипаттау (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Гүлді өсімдіктердің қос ұрықтануы (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері 7 сынып тарих, Биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]