Сабақ жоспары (ұмж): «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай?  (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Еуропаның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Сабақтың тақырыбы: «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай?
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.3. жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңыздылығын бағалау;
9.1.2.2. әлемнің жетекші және дамушы елдерінің өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;
9.1.1.2. әлемнің жетекші елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін талдау.
Сабақтың мақсаттары: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ФРГ әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін талдау.
Неміс экономисі және ФРГ мемлекеттік қайраткері Людвигтің портреті мен оның нақыл сөздерін келтіру.
Мәселені талқылау: Фотосуреттен кімді көріп тұрсыздар? Бұл сөздердің иесі кім?
Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, оқушылар сабақ тақырыбын, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды.
(К) Мұғалім сыныпта Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі экономикалық жағдай туралы пікірталас бастайды. Оқушылардан олардың қайсысы осал, ал қайсылары мықты болғандығын түсіндіруді сұрайды? Мұғалім бүгінгі сабақта ФРГ еліндегі экономикалық жағдай туралы айтылатынын хабарлайды. Мұғалім оқушыларға алдыңғы сабақтарда Германиядағы экономикалық жағдай сөз болғанын еске салады.
Оқушыларға келесідей сұрақтар қойылады: Германияның түпкілікті ыдырауының себептері қандай? ("қырғиқабақ соғыс", 1948 жылғы ақша реформасы)

Құжатпен топтық жұмыс жасау
1 және 2 топтар Л. Эрхард кітабының үзінділерімен танысады
(«Баршаға арналған әл-ауқат») және әлеуметтік нарықтық шаруашылық ерекшеліктерін анықтайды.
3 және 4 топтар мәтінде сөздің мағынасына қарай қойылмай кеткен сөздерді сөйлемге орнына қояды.

Дескриптор:

Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың кем дегенде 3 ерекшелігін анықтайды
Сөйлемдерге сөздердің мағынасына қарай кем дегенде 3 дұрыс сөз қояды

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Оқушылар бір-бірінің жауаптарын талқылап болып, кестені толтырады

Әлеуметтік-нарықтық экономиканың өзіне тән белгілері
1 Жеке меншік
2 Жеке өндіріс
3 Еркін бәсекелестік
4 Нарықтық экономика
5 Еңбек пен капитал бойынша кіріс
6 Даралық
7 Пікірлердің плюрализмі....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Социализимнің «шведтік моделінің» белгілері қандай? (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №3 (10 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы (10 сынып, III тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі өнердің даму тенденциялары (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? 9 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]