Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды
Оқу мақсаттары: Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу
Сабақтың мақсаттары: Шығыс Рим империясын Батыс Рим империясының саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуын салыстырады және Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін талдайды.
Рим империясының Шығыс аймағы Батыстағы аймағына қарағанда, 1000 жыл артық өмір сүрді.
ІV ғасырдың соңындағы Шығыс Рим империясының картасын көрсету. Тарихи тақырыптық картамен жұмыс жасау үшін кілтті сұрақтарды анықтау:
 Шығыс Рим империясының жер аумағын және шекаралас мемлекеттерін анықтаңыз;
 Шығыс Рим империясының орналасуы қаншалықты тиімді болды?
 Неліктен шығыс Рим империясы герман және түркі тайпаларының шабуылдарына тойтарыс бере алды?
 Шығыс Рим империясының табиғи және ауа-райы жағдайларына сипаттама беріңіз;

Шығыс Рим империясының саяси, экономикалық, мәдени, әлеуметтік дамуы туралы ақпараттық мәтіндерді тарату.
Оқушылардың оқуын қолдайтын мәтінге арналған тапсырмалар:
1. Шығыс Рим империясы шаруашылықты жүргізуде қандай өзгерістер орын алды?
2. Шығыс Рим империясы басқару жүйесінде қандай өзгерістер орын алды?
3. Шығыс Рим империясында қандай мәдени өзгерістер енгізілді?
4. Шығыс Рим империясында қандай әлеуметтік өзгерістер енгізілді?
5. Неліктен Шығыс Рим герман және түркі мемлекеттерінің шабуылдарына тойтарыс бере алды?
Оқушылар алдымен тапсырмалармен танысады, тек содан кейін барып, Византия туралы мәтінді оқиды.
Византия туралы мәтінді оқып, мәтінге арналған тапсырмалардың бірін таңдайды.
Топ оқушылары тапсырманы талқылап, Византияның Батыс Рим империясыннан қарағанда, ұзақ өмір сүру себептерін түсіндіретін таныстырылымын жасайды.
Шығыс Рим империясының Батыс Рим империясына қарағанда, ұзақ өмір сүру себептері:
Саяси себептер. Византияда мемлекетті басқару жүйесі және қорғаныс жүйелерін жетілдірді.
Мәдени себептер. Византияның императоры Юстинианның ішкі саясатының нәтижесінде, Батыс Рим империясында орын алмаған, бір халықтың біртектенуі жүрді,
Экономикалық себептері. Византия Батыс Рим империясы сияқты құлдардың еңбегін қолданды. Алайда, Батыс Рим империясымен салыстырғанда, құлдардың ірі жер иелерінен жерді жалға алып, кішігірім жеке шаруашылықтарын жүргізу құқықтарын иеленді. Бұл құлдарды еңбек етуге ынталандырып, өндірістің артуына әкелді. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Түрік қағаны Иштемиге 568 ж. Византия неліктен елші жіберді (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Рим империясы Шығыста неліктен сақталды 7 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Рим империясы Шығыста неліктен сақталды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]