Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады
Оқу мақсаттары: «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу
Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу
Сабақтың мақсаттары:Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайды;
Батыс Рим империясы ыдырауының себептерін анықтайды және топтастырады.
Кіріспе
Сыныппен танысу. Жеке жұмыс.
Педагогикалық рөлдік ойындарды қолданып, тарихи талдау мен жеке ойын айғақтар келтіре отырып жеткізудің қажеттілігін түсіндіру.
Оқушыларға өткен жылдан өз жеке өмірлерінен 5 маңызыды оқиғаны анықтап беруді және олардың болғандығына айғақтар мен дәйектер келтіріп дәлелдеп беруін сұрау.
5-минуттан кейін оқиғаларды тізбектеп беруді сұрау
Оқушыдан тізбектеп берген оқиғалардың біреуін орын алғанын дәлелдеп беруін сұрау
Оқушы келтірген дәйектерді сынға алу, дәлелдер келтіруін сұрау. Мысалы, Түркиядағы мұрағатта болғаныңызды қайдан білемін? Оқушы фотосуретті көрсете алатынын айтуы мүмкін. Оқушыдан қосымша дәлелдер келтіруді талап ету және Түркиядағы тарихи мұражайға барғанына күмән келтіру. Қосымша сұрақтар қою. Мысалы, Мүмкін фотолар фотошоп бағдарламасы арқылы жасалған шығар?
Оқушы оқиғаны дәлелдеу туралы ойланады. Егер оқушы жауап беруге қиналса, диалогтық оқытудың әдістерін қолдану. Сыныпқа қарап, сұрақтар қою:
Сіздер қалай дәлелдер алар едіңіздер?
Қосышма тағы да қандай дәлелдер келтіруге болады?
Оқушылар өз ойларын ұсына бастайды және оларды тақтаға жазып отыру керек.
Тапсырманың ең басты міндеті оқушыларға тарихта жеке пірінді ғана айтып қоймай, сонымен қоса пікірінді дәйектер мен айғақтарды келтіріп дәлелдей білу керек деген тұжырымды жеткізу
Деректердің түрлерін атап беру:
Заттай деректер;
Жазба деректер;
Көркем сурет және ауызша деректер;
Педагогикалық әдістің міндеті оқушыларға жеке пікірінді айтып қою ғана жеткіліксіз, оны қолданған деректерге сілтеме жасай отырып, дәйектер мен айғақтар арқылы дәлелдеу керек деген тұжырымды жеткізу
Сыныпты сабақтың жаңа тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін ұсыну
Оқушыларға осы оқу жылы дүниежүзінің орта ғасырлар кезеңін оқитынын түсіндіру. Уақыт сызығын көрсетіп, оның құрылымын түсіндіріп беру: уақыт масштабы, оқиғалар, жерлердің қосылып алынуы, соғыстар, билеушілер тағы басқалары.
Оқушылардан орта ғасырлар тарихында нені оқитынын, нені меңгеретінін болжауын сұрау.
Зерттеу
Сыныпты шағын топтарға бөлу. Сыныпты топтарға бөлгенде, саралап (дифференциация) әдістерін қолдану. Шағын топтарға дүниежүзі тарихының кезеңдеуі туралы ақпараттық таратпа материалдарды үлестіру
Оқушылар таратпа материалдардағы ақпараттарды қолданып, орта ғасырлар кезеңдерінің кезеңделуі туралы инфографика жасайды.
Оқушыларға нұсқаулық беріп, онда инфографикада хронологиялық және тарихи ерекшеліктерін ашып көрсетуді ескерту
Оқушылар орта ғасырлар кезеңдерінің қандай ерекшеліктері бар, қандай өзара байланысы бар деген сұрақтардың жауабына ойланып, орта ғасырлардың жалпы сипаттамасы туралы ойлану.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Батыс Рим империясы құлады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Неліктен Батыс Рим империясы құлады 7 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Неліктен Батыс Рим империясы құлады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]