Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Реформация
Сабақ тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «иезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Мартин Лютердің реформациясы мен қоғамдағы дін рөлінің өзеру себептерін талдау.
БЫМ/С Оқушыларға Римдегі әулие Петр алаңын, әулие Петр соборының интерьерін және оның күмбезінен көрінетін көріністердің панорамалық фотосуреттерін көрсету.
Оқушыларға ғимараттың атауын айтпай тұрып қандай әсер алғандықтарын сұрау. Собордың Еуропада XVI ғасырда Рим католиктік шіркеуінің басында тұрған итальяндық папалардың және үйленбеуге ант берген епископтардың басқарушыларының, дін қызметкерлерінің, монахтардың және монах әйелдердің ірі қайырымдылық көмектерінің нәтижесінде жиналған және индульгенцияларды сату арқылы жиналған қаржыға салынғанын түсіндіре отырып бүгінгі сабақтың тақырыбына болжам жасату. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары шіркеу дағдарысының себептерін анықтауына негіздеу.
Т. 1517 жылы өзінің Рим католиктік шіркеуінен көрген қиянаттарына қарсылығын шеге мен балғаның көмегімен Германиядағы Виттенберг соборына шегелеп жатқан Мартин Лютердің суретін көрсету. Мәтінді тарату және Лютердің қоғамда орын алған жағдайға қарсылығын мәтінде анықтап, белгілеуді ұсыну.
Сынпып оқушыларын орта ғасырлық түрлі әлеуметтік таптарға бөліну белгілеріне орай топтарға бөлу және реформацияға өз қолдау\қарсы позицияларын дәйектеп негіздеуді ұсыну.
Ж. Оқушыларға Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған өзгерістерді реттілігімен түзу сызықта орналастырту.
Органайзерде оқиғаның жағымды салдарларын жоғарғы бөлікке, жағымсыз салдарларын төменгі бөлікке орналастырту.
Ж. Оқушыларға жеке «Реформация қоғамды қалай өзгертті?» тақырыбында шағын эссе жаздырту.

Дескрипторлар:
• Лютердің қоғамда орын алған жағдайға қарсылығын мәтінде анықтап, белгілейді;
• Оқушылар топтарда Мартин Лютердің реформацияға өз қолдау\қарсы позицияларын дәйектеп негіздейді;
• Оқушылар Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған өзгерістерді реттілігімен түзу сызықта орналастырады;
• Органайзерде Лютер қозғалысының жағымды салдарларын жоғарғы бөлікке, жағымсыз салдарларын төменгі бөлікке орналастырады;
• «Реформация қоғамды қалай өзгертті?» тақырыбында шағын эссе жазады;......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің Виттенберг қаласындағы наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?1-сабақ 6 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті?1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]