Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзілік тарих
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.3.1 – Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру.
Сабақтың мақсаты: Сократ үлгісі арқылы оқушыларда жақсы мен жаманды қалай ажырату; байлыққа, мансапқа, сый-құрметке, билікке қызықпау; зұлымдық жасамау сияқты адамгершілік негіздерін тәрбиелеу.
(БЫМ) Үш философ, бақытты қоғам, сұрау белгісі бейнеленген коллажды көрсетіңіз. Оқушылардан сабақтың тақырыбы жайлы болжам жасауды сұраңыз.
«Бұл суреттерді не байланыстырып тұр?» деп сұраңыз. Бірнеше жауапты тыңдап, олардың мінсіз қоғам жайлы идеялар ұсынған ойшыл-философтар екендігін түсіндіріңіз.

(Ж) Жұптармен мінсіз қоғамның не екенін талдаңыздар.

Мінсіз қоғамның үлгісін сызба түрінде сызып, сынып тақтасына орналастыруды сұраңыз.
(М) Адамзаттың әрқашан мінсіз қоғамға ұмтылатыны және сондай қоғамның орнау мүмкіндігін түсіндіру қажет. Осы философтардың мінсіз қоғам деп түсіндіретіні әділетті қоғам екендігін айтыңыз. Ежелгі философтар осы мәселені қалай шешті?
(КН) Оқушылар ежелгі грек философтарының өмірі мен еңбектері туралы біледі, олардың әлемдік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтай алады.
Бұл тақырып идеялардың күштілігін және кейбір тұстарда олардың даулы сипатын ашып көрсетуі тиіс.
Мінсіз қоғам көптеген философтардың шығармаларында осы қоғам және ондағы адамдардың тәртібі жайлы дебаттар тудырғандықтан, бұл іс-әрекет оқушылардың мінсіз қоғам жайлы ойлануға қызығушылығын тудырады.
Дереккөздерге талдау жасай отырып, олар қоғам, адамгершілік, үкімет философтардың пайымдауларына тереңдей алады.
Оқушылар Платонның ең белгілі еңбегі «Республика» б.з.д. 380 жылы жазылғанын білуі тиіс; ол Сократпен әңгімелесу түрінде жазылған: әділдіктің маңыздылығын талқылау және оның қоғамды бақытты ету қабілеті сөз болады. Сократ еңбектерінен алынған мәтінді оқып, талдау барысында сіз өз түсіндірмеңізді император Юлианның (4С бөлімін қараңыз) қоғамды философ-король ретінде басқаратынын мәлімдеуімен байланыстыра аласыз.
(Т) Сыныпты 3 топқа бөліңіз. Ресурстар тізімінде берілген дереккөздермен жұмысты ұйымдастырыңыз, кестені толтырыңыз:
Ежелгі Грекияда философтардың (Сократ, Платон немесе Аристотель) сипаттайтын мемлекет үлгілері Сократ, Аристотель немесе Платонның мінсіз қоғам үлгісінің сызбасын көрсетіңіз Ежелгі грек философтарының(Сократ, Платон немесе Аристотель) ойынша, мінсіз қоғамның 2-3 ерекшеліктері

10 минут
Сынып өз философтарының көзқарасын сынып алдында таныстырады. (6 минут)
(Б) Оқушылар өз таңдауы бойынша олардың ойынша мінсіз қоғамды құрайтын 3 фактіні жазады.
(Т) ежелгі философтардың қайсы ойлары қазіргі қоғамда жүзеге асқандығын талдауда топтар өз ойларымен бөліседі.
(ЗН) Өмір мен ежелгі грек философтарының идеяларын зерттей отырып, оқушылар олардың әлемдік мәдениетке және философияға қосқан үлесін бағалай алады. Қосымша жұмыс ретінде оқушылар өз идеяларын жазбаша жауаптарында көрсетулері керек. Баламалы тапсырма ретінде оқушылар Аристотель, Зенон, Цицерондар ұсынған мемлекеттің философиялық үлгілері туралы, қысқаша хабарлама дайындай алады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Грекия гимназия, лицей, академияларында нені үйретті (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Мысыр пирамидалары қалай салынғаны туралы қайдан білеміз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ежелгі Грек философтары (Сократ Аристотель Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ 5 сынып тарих, дүниежүзі тарихынан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниежүзі тарихы умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Ежелгі Грек философтары (Сократ Аристотель Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]